25 Маусым, 2016

АИ-80 бензині мен дизель отыны қымбаттай ма?

219 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
АИ-80 бензиніПарламент Сенаты Экономикалық саясат, инно­вациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшелері Энергетика министрлігі мен «Самұрық-Қазына» АҚ-тың басшылығымен кездесіп, еліміздегі мұнай өнімдерінің бағасын реттеу мен сапасын арттырудың заңнамалық мәселелерін талқылады. ­Энергетика министрінің орынбасары Әсет Мағауов ішкі нарықтағы мұнай өнімдерінің тұрақтылығын сақтауға арналып қабылданған шаралар туралы хабарлады. Мұнай өнімдерінің тапшылығы қаупін болдырмау мақсатында министрлік АИ-80 және дизель отынына бағаларды мемлекеттік реттеуді тоқтату­ды ұсынып отыр. Баяндамашы­ның айтуынша, жанармай құю бекеттеріндегі төмен бағалар көрші мемлекеттермен шекаралас аймақтарға мұнай өнімдерінің бақылаусыз ағылуына әкеліп соғуы мүмкін. Ә.Мағауов отандық мұнай өнім­д­ерін өңдеу кәсіпорындарын жаң­ғырту жағдайы туралы хабардар етті. Атап айтқанда, Атырау мұ­най өңдеу зауытында мұнай­ды терең өңдеу кешені құрылысы биыл аяқталады. Павлодар мұнай хи­­миясы зауыты мен ПетроКазах­стан Ойл Продактс (ПКОП) кәсіп­­орнын жаңғырту шаралары 2017 жылы аяқтау көзделіп отыр, ол К4 және К5 экологиялық дәре­жесіндегі отын өндірісіне көшуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, министрдің орынбасары сұйытылған газды пайдаланатын көлік құрал­дарының саны артып отыр­ға­ны­на тоқталды. Газ­бен жү­ре­­т­ін машиналардың са­ны 36 000-ға жетіп, 2014 жыл­мен салыс­тырғанда үш есе арт­ты. Қазақ­­станда мың адамға шақ­қандағы автомобиль саны қазіргі 250-ден он жылда 370-ке дейін ұлғаюы күтіліп отыр. Оған қоса, 2025 жылға қарай газбен жүретін көліктер мен электромобильдер үлесі 20 пайызға жетеді. Сөзінің соңында Ә. Мағауов үш негізгі мұнай өңдеу зауытын жаңғырту ішкі нарық сұра­ныстарын өзіміздің жоғары сапалы мұнай өнімдерімен толтыруға мүмкіндік беретінін, артығын көрші елдерге шығаруға болатынын атап өтті. Экономикалық саясат, инно­вациялық даму және кәсіп­кер­лік комитетінің төрағасы Талғат­бек Абайділдин АИ-80 маркалы бензин мен дизель отыны баға­сының көтерілуі, әсіресе, ауыл тұр­ғын­дары үшін әлеуметтік маңызы зор мәселе екеніне назар аударды. Ол, сондай-ақ, газды пайдала­на­тын көлік құралдарының үлесі ұлғайып отырғанын есепке ала оты­рып, оның бағасына бақы­лау­дың қажеттігін атап өтті, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.
Соңғы жаңалықтар

Терраса тақтасы

Ғылым • Кеше