ХХ ғасыр – алмағайып мінезді бай тарихымыздың баянды беттері. Сондықтан өткен жүзжылдыққа жиі-жиі атбасын бұрып, уақыт туын желбіретіп, ел басқарған, халық санасында лайықты із қалдырған, ел дамуы мен өркендеуіне үлес қосқан тұлғаларды түгендеу, оларға құрмет көрсету, есімдерін жұрт жадында сақтау шараларын атқарып отыру, сөз жоқ, бүгінгі ұрпақтың парызы.
Жуырда біздің атымызға осындай ұрпақ парызын арқалаған бір топ ел тұрғындарының хаты келіп түсті. Біздің Үкімет басшысы мен Алматы, Павлодар облыстары әкімдеріне қаратып депутаттық сауал жолдауымызға сол өтініш-хат, дәлірек айтқанда, ондағы: «...ел басқарған кезінде Отанына адал, жұмысына шын берілген, көкейінде ұрпақтың келешегі тұратын кіршіксіз, таза азамат ретінде халқының жадында қалған қазақтың біртуар ұлдарының бірі, қоғам және мемлекет қайраткері Әріпбай Алыбаевтың есімін есте қалдыру мақсатындағы ұсынысымыз бірнеше жыл бойы аяқсыз келеді...» деген сөздер себеп болды.
Шынында да, аға буын ұрпақтың өмірі мен еліне сіңірген еңбегін, қызметін жақсы білетіндер Әрекең секілді қоғамшыл, халықшыл, талапшыл, парасаты мен пайымы мол кешегі күннің көрнекті басшылары жайлы ағынан жарылып, ақ сөзін айтарына еш күмәніміз жоқ.
Әріпбай Алыбаев табанды мінез бен тыңғылықты істің иесі еді. Оның өмір жолы – кешегі әкелер мен ағалардың бүгінгі ұрпаққа үлгі болар ақ жолы, адал жолы. Ол 1926 жылы Алматы облысының, Райымбек ауданындағы Жалаңаш ауылында дүниеге келген. 1951 жылы Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын бітірген соң, Алматы, Талдықорған облыстарының шаруашылықтарында, партия және кеңес ұйымдарында әртүрлі жауапты қызметтер атқарған.
1962-1964 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық партия комитетінің, 1964-1967 жылдары Павлодар облыстық партия комитетінің екінші хатшысы, 1967-1972 жылдары Павлодар облыстық атқару комитетінің төрағасы, 1972-1978 жылдары Талдықорған облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, 1978-1985 жылдары Қазақ КСР Ет және сүт өнеркәсібі министрі болған. 1986 жылы дербес зейнеткерлік демалысқа шығып, Қазақ шабындық-жайылым институтын басқарған.
Ә.Алыбаевтың Қазақстанда ауыл шаруашылығы салаларын дамыту мәселелеріне арналған бірнеше монографиясы, сондай-ақ, «Замана толқындары» (1999) атты жинағы жарық көрген. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты (1968) Ленин, Халықтар достығы, 4 мәрте Еңбек Қызыл Ту, сондай-ақ, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.
Өтініш айтушылар белгілі мемлекет және қоғам қайраткерін есте қалдыру мақсатында туған жері Алматы облысындағы Райымбек ауданының Шырғанақ ауылына немесе ауылдық округіне, сондай-ақ, Талдықорған және Павлодар қалаларындағы көшелердің біріне оның есімін беру туралы ұсыныс айтады.
Қазақстан Үкіметінің мүшесі болған, Алматы, Талдықорған, Павлодар облыстарына басшылық жасаған Әріпбай Алыбаев есімін есте қалдыру мәселесіне Үкімет оң қабақ танытады ғой деген үміттеміз.
Нұрлан ОРАЗАЛИН,
Сенат депутаты

Қантқа тәуелділік: Тәттіден бас тартқанда ағзада қандай өзгерістер болады?
Өнім • Бүгін, 16:15
Қазақша контент неге трендке сирек шығады: Мәселе тілде ме, форматта ма?
Қоғам • Бүгін, 16:01
Әлем • Бүгін, 15:52
Ақтөбедегі «ақылды» өткел: NAZAR технологиясы жаяу жүргіншілерді қалай қорғайды?
Қоғам • Бүгін, 15:45
TikTok дәуіріндегі журналистика: Қысқа видео қоғамға не беріп жатыр?
Технология • Бүгін, 15:41
Еліміздің оңтүстігінде өрік гүлдеді
Ауа райы • Бүгін, 15:30
АҚШ өзге ғаламшарлықтар туралы құпия құжаттарды жариялауы мүмкін
Әлем • Бүгін, 15:24
Нью-Йорк қалың қардың құрсауында қалды
Әлем • Бүгін, 15:13
2 наурыздан бастап «Отбасы банк» үй кезегіндегілерге арналған талаптарды өзгертеді
Қоғам • Бүгін, 15:07
Мемлекет басшысы Эстония Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 15:05
Жазушылар мен өнер иелері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 14:57
Милан-Кортина Олимпиадасына қатысқан отандастарымыз елге оралды
Қысқы спорт • Бүгін, 14:39
Алматыда халықаралық деңгейдегі тау-шаңғы курорты іске қосылмақ
Олимпиада • Бүгін, 14:32
Оқушылар наурызда 11 күн демалады
Білім • Бүгін, 14:20
Маңғыстау облыстық кітапханасының ұжымы жаңа Конституцияға қолдау білдірді
Аймақтар • Бүгін, 14:03