25 Маусым, 2016

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі

287 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау туралы
  1. Елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету ісіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының елеу­лі рөлін ескере отырып, Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президентінің бұқаралық ақпа­рат құралдары саласындағы сыйлық­тарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау жөніндегі қоғамдық комиссияның ұсынымын қарай келіп:
Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары берілсін: Паттеев Шәмшиддин Әшенқо­жа­ұлына – «Түркістан» газетінің бас редак­торына, отандық журналистиканың дамуына қосқан елеулі шығармашылық үлесі үшін; Курятов Владимир Геннадьевичке – «Казахстанская правда» республикалық газетінің саясат бөлімінің редакторына, елдің қоғамдық-саяси өміріндегі өзекті мәселелерді терең әрі жан-жақты жариялап, көрсеткені үшін;   Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранттары тапсырылсын: Ибраймов Мұхтар Сейтқасымұлына – «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамының тілшісіне, әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси реформаларды, Мемлекет басшысының бастамаларын жариялап-көрсеткені үшін; Ляховская Вера Андреевнаға – «Сво­бода слова» қоғамдық-саяси апта­лы­ғының тілшісіне, республиканың әлеуметтік-мәдени өміріне арналған жарияланымдары үшін;   Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысы жариялансын: «Дойче Альгемайне Цайтунг» газеті шығармашылық ұжымына – қоғам­дық келісімді нығайтуға қосқан үлесі, жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жө­нін­дегі мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуын жариялап, көрсеткені үшін;  «Сыр медиа» жауапкершілігі шек­теулі серіктестігінің шығарма­шылық ұжымына – әлеуметтік-экономикалық өзгеріс­тердің іске асырылуын, мемлекет­тік тіл мен ұлттық мәдениетті дамытуды белсенді түрде жариялап, көрсеткені үшін; «Қазақ радиосы» радио­стан­ция­сының шығармашылық ұжымына – әлеу­меттік-экономикалық реформаларды іске асырудың барысын, мемлекеттік тілді және ұлттық мәдениетті дамыту мәселелерін жан-жақты жариялап, көр­сеткені үшін;  «РИКА-ТВ» телекомпаниясы шығармашылық ұжымына – өңірлік журналистиканы дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін.
  1. Осы Өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті  Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2016 жылғы 23 маусым.  № 99