ӘзерТАдж
Кеше Әзербайжанның Беларусьтегі елшілігінде Гейдар Әлиев қорының вице-президенті Лейла Әлиеваның белорус тілінде шыққан өлеңдер жинағының тұсаукесері болды. Елшіліктен хабарланғандай, аталмыш кітап басылып шыққанға дейін Лейла Әлиеваның белорус тіліне аударылған жырлары республикадағы «7 дней», «Лiтаратура i Мастацтва» («Литература и искусство»), «Культура», «Полымя» сияқты басылымдарда жарияланған. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің қызы Лейла Әлиеваның өлеңдерін орыс тілінен белорус тіліне белорустың жас ақын қызы, аудармашы, Беларусь жазушылар одағының мүшесі Татьяна Сивеч аударған. Осы аудармадан кейін белорус қауымдастығы Лейла Әлиеваның өлеңдерін оқып, жақсы көріп кеткен. Міне, осы қызығушылық өлеңдерді жеке кітап етіп бастырып шығуға себепші болған. Елшілікте «Лист» деп аталатын бұл кітапты таныстыруға арналған шараға Беларусь дипломатиялық корпусына тіркелген мәдениет қайраткерлері, әдеби қауымдастық өкілдері, әзербайжан диаспорасының белсенділері қатысты. Оның барысында студенттер кітаптағы өлеңдерді жатқа оқыды. Тұсаукесерде сөз алған елші Исфандияр Вагабзаде Әзербайжан мен Беларусь арасындағы гуманитардық саладағы қарым-қатынас жайына тоқталып өтті. Талғат РАЙЫМБЕК.Жаңа тариф жергілікті халыққа тиімді
Табиғат • Кеше
Қарағанды облысында алты жасар бала өзенге батып кеткен
Төтенше жағдай • Кеше
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қоғам • Кеше
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Мәдениет • Кеше