Фото: vk.com[/caption]
Еуропа чемпионатының 1/8 финалында өнер көрсеткен Англия мен Исландия құрамалары Ницца қаласында кездесті.
Англия – Исландия 1:2 (1:2)
Стадион: «Альянц Ривьера».
Төреші: Дамир Скомина.
Англия: Харт, Уокер, Кэхилл, Смоллинг, Роуз, Алли, Дайер (Уилшер 46), Руни (Рэшворд 87), Старридж, Кейн, Стерлинг (Варди 60)
Исландия: Хальдерссон, Севарссон, Арнасон, Сигурдссон, Скуласон, Гудмундссон, Сигурдссон, Гуннарссон, Бьярнасон, Сигторссон (Бьярнасон 77), Бедварссон (Траустасон 88)
Голдар: Руни 4 (пенальти) – Сигурдссон 6, Сигторссон 19
Ескерту алғандар: Старридж 48 – Сигурдссон 38, Гуннарссон 66
Басқасы басқа, бірақ футболдың отаны атанған Англия құрамасының жарыс жолынан плей-офф кезеңінде шығып қалады деп ешкім ойламаған болса керек. Талантты ойыншылардан жасақталған. Оның үстіне дүбірлі додаға қатысатындардың арасында ең жас команда атанған еді. Алайда, футболда мұның өзі де маңызды рөл атқармайтыны дәлелденді. Небәрі 330 мың халқы бар, өзінің кәсіби деңгейде өнер көрсететін бірде бір футбол клубы жоқ Исландия жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленіп үлгерді.
Матч бастала сала шабуылға шыққан ағылшындар ойынның 4-минутында пенальти теуіп үлгерді. Хальдерссон мен Стерлингтің арасындағы допқа тартыста төреші ойын тәртібі бұзылғанын анықтап, 11-метрлік айып добын белгіледі. Бұл тұста Руни өз мүмкіндігін мүлт жібермеді. Осыдан кейін исландиялықтардың қарқыны басылды-ау деп ойлағанда, күтпеген жерден араға екі-ақ минут салып, айып добынан әуелеген допты қақпаға тура бағыттаған Сигурдссон таразы басын теңестірді. Ал 19-минутта Сигторссон екінші голды соғып, Исландия құрамасының ширек финалға шығуына себеп болар маңызды доптың авторы атанды. Англия бұл тығырықтан шығудың бар айла-тәсілін жасағанымен, ойлаған ойлары діттеген жерлеріне жете қоймады.
Матч аяқталғаннан кейін ағылшындардың бас жаттықтырушысы Рой Ходжсонның қызметінен босатылғаны ресми түрде хабарланды.
Аян ӘБДУӘЛИ.
• 28 Маусым, 2016
«Еуро-2016». Исландия Англияны ұтып, ширек финалға шықты (видео)

Аймақтар • Бүгін, 08:50
Шаруашылық • Бүгін, 08:45
Саясат • Бүгін, 08:43
Ұлттық қордың балаларға шарапаты
Қоғам • Бүгін, 08:40
Саясат • Бүгін, 08:38
Еңбек • Бүгін, 08:35
Қоғамдық диалогтің дәйектілігі артады
Саясат • Бүгін, 08:33
Құқық • Бүгін, 08:30
Пікір • Бүгін, 08:28
Жаһандық рейтингте елеулі орындамыз
Қазақстан • Бүгін, 08:25
Ата заң жобасы туралы ғалымдар пікірі
Ата заң • Бүгін, 08:22
Ғылым • Бүгін, 08:20
21 шетелдік байқаушы аккредиттелді
Референдум • Бүгін, 08:17
Спорт • Бүгін, 08:15
Балмұздақ өндірісінің «бағы жанды»
Өндіріс • Бүгін, 08:12