Қуат Болатовтың Еуропа жерін велосипедпен шарлап жүргеніне бір айдан асты. Ол осы уақытта Нидерланд, Германия, Лихтенштейн, Швейцария, Франция, Люксембург және Бельгияның ірі шаһарларында болып үлгеріпті.
Өзінің 3 мыңнан аса оқырманы бар Instagram парақшасында Қ.Болатов күнделікті саяхатынан қызықты деректер келтіріп отырады. Жастайынан әлем кезуді армандаған ол дүниені кезуге велосипедтің ыңғайлы көлік екенін айтты.
– Егер көлікпен немесе мотоциклмен саяхаттасаңыз, бар көңіліңіз тек тастақ жолға ауып, мына дүниенің табиғи сұлулығы мен түрлі мәдениет өкілдерінің тыныс-тіршілігінен хабарсыз қалар едіңіз. Тәулігіне мыңдаған шақырым жүрсеңіз, миллиондаған қызықтан қағыласыз. Ал велосипедпен жүру ыңғайлы әрі сенімді. Сен адамдарға ашықсың, барлық көрініспен біте қайнасып, табиғи сұлулықты жақыннан сезінесің. Оның үстіне, бұл көлікпен жүру – денсаулыққа аса пайдалы, – деді Қ.Болатов.
Бұған дейін Түркия, АҚШ, Оңтүстік Корея, Ресей, Украина, Қырғызстан және Өзбекстанда болған саяхатшының киген киімінде Қазақстанның мемлекеттік рәміздері бедерленген. Саяхаттауына әлемдік ғаламтордың көп көмегі тиетінін айтқан ол Еуропа жұртшылығының біздің мемлекеттік туымызға қызыға қарайтынын, қазақ деген ұлттың жайдары, саламатты өмірге құштар халық екенін білетін боламыз деп, үнемі қонаққа шақыратынын да жасырмады.
Иран, Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия және Оңтүстік Америка елдерінде болуды көздеп жүрген саяхатшы әуелі елге келген соң Қазақстанның барлық аймағын тағы бір аралап шығатынын, бұйыртса, осы жылдың тамыз айында Астана мен Алматыда баспасөз мәслихатын өткізбек ойы барын жеткізді.
Қанат ЕСКЕНДІР,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше