28 Маусым, 2016

Көркемдік кеңес көркейте ме?

450 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Ұлттық академиялық кітапханада Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен алғаш рет құрылған Кітапхана істері туралы көркемдік кеңестің «Мәңгілік ел: мәңгілік мәдениет ошағы – кітапхана» тақырыбында кеңейтілген бірінші отырысы өтті. Отырысты Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Ақтоты Райымқұлова жүргізіп отырды. Басқосуда «Қазақстан Респуб­ликасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ атқарушы директоры Б.Жұма­беков «Ұлттық-мәдени идеология – қоғамдық консенсус фак­­то­ры», Алматыдағы Ұлттық кітап­хана басшысы Ж.Сей­думанов «Қазақ­стан­­дағы көпшілік кітап­хана­лардың даму стратегиясы», А.С.Пушкин атын­дағы Шығыс Қа­зақ­стан об­лыс­тық кітапханасы­ның басшысы К.Ақжігітова «Кі­тап­ханалардың ақпараттық-инно­ва­ция­лық даму саясаты: отандық ақ­па­рат­тық қыз­мет көрсетудегі негізгі тенд­енция­лар», Н.В.Гоголь атындағы Қараған­ды облыстық әмбебаптық ғылы­ми кітапханасының бас­шы­сы Д.Аман­жолова «Кадр мәселесі. Ар­найы кітап­ханашылық бі­лімі бар ма­мандар тарту жол­дары», Ұлттық акаде­мия­­лық кітапхананың басшысы Ү.Мұңал­­баева «Қазақстандық ұлт­тық элек­тронды кітапхананың даму ба­ғыт­тары» тақырыптарында баян­дама жасады. Әріптестер арасында кітапхана ісі бойынша өзекті мәсе­лелер қозғалып, оларды шешудің жолдары сөз болды. Кітапхана істері туралы көркем­дік кеңестің «Мәңгілік ел: мәңгілік мәдениет ошағы – кітапхана» тақы­рыбындағы кеңейтілген оты­ры­сының екінші бөлімі белгілі түркі­танушы-ғалым Александр Николаевич Гаркавецтің ежелгі мұра «Codex Cumanicus» жайлы дәрісімен жалғасын тапты. Отырыс аясында облыстық кітап­ханалар басшылары кітапхана ісінің өркендеуіне қосқан елеулі үлес­тері үшін Мәдениет және спорт ми­нистрінің алғыс хаттарымен ма­ра­патталып, сондай-ақ кітапхана са­ласында қажырлы қызмет етіп жү­рген кітапханашыларға «Кітап­хана сала­сының үздігі» төсбелгісі табысталды. Рауан ҚАЙДАР, «Егемен Қазақстан»