2500-ге жуық ірі қара мал бруцеллезге шалдыққан
Ал өңірде мал ауруларын болдырмау үшін ветеринарлық-алдын алу және диагностикалық шараларды жүргізуге былтыр 571 миллион теңге, биыл 568,9 миллион теңге бөлініпті. Сонда бұл қаржының нәтижесі мен тиімділігі қандай болған?
Облыстағы ветеринария басқармасының мәліметінше, бруцеллезге шалдыққан малдың басым бөлігі Қашыр ауданында, Екібастұзда, Баянауыл ауданында тіркеліпті. Қазіргі уақытта Май, Успен аудандарында малды бруцеллезден сауықтыру шаралары жүргізілуде. Сондай-ақ, ірі қара және ұсақ малдың дертке шалдығуы бойынша арнайы сақтандыру шаралары барысында Лебяжі ауданының Шарбақты, Қызыләскер және Шәмші ауылдарында карантиндік шектеу шаралары жасалуда. Дертке шалдыққан мал «Рубиком», «Ет бастау» және «Ақжар өндірісі» ет өңдеу комбинаттарына тапсырылуда. Жалпы, біздің өңірде облыстық ветеринария басқармасының хабарынша, маусым айындағы, яғни, қазіргі жағдай бойынша тексерілген 230 мың мал басының 2400-і, 290 мың ұсақ малдың 159 басы бруцеллезге шалдыққаны анықталды. Мәліметтер азайтылып көрсетілетін де сияқты. Өйткені, біз газетімізде жазған Лебяжі ауданы Шәмші ауылының тұрғыны Е.Бөлекбаевтың бір отар қойының өзінен 60 ұсақ мал ауруға шалдыққан болатын-ды. Өткен жылы бруцеллезге шалдыққан малдың шығынын өтеу үшін 340 миллион теңгеден астам қаржы төленіпті. Оның 50 пайызын мемлекет, 50 пайызын ет өңдеу кәсіпорны өтейді. Биыл бұл өтем үшін 159 миллион теңге қарастырылыпты.
Ветеринарларға жүктелетін негізгі талаптар бойынша малдың қаны жыл сайын екі рет диагностикалық тексерулерден өтуі керек. Облыстар мен аудандарда қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған ветеринариялық зертханалар болуы шарт. Қаржыны бақылау үшін әрбір өңірде, ауданда коммуналдық ветеринариялық кәсіпорындар құру қажеттілігі де айтылды. Бұл талаптар қалай орындалуда, бақылау бар ма, жоқ па деген сұрақтар туындайды. Сондықтан, ветеринарлық алдын алу және диагностикалық шараларға бөлінген қыруар қаржыны бақылауға алған жөн. «Қазір малды бағудан гөрі емдеу қиын болып тұр...», дейді ауылдықтар.
Сонда, қыруар қаражаттың қалай игеріліп жатқаны – дертке шалдыққан жүздеген малдың ет өңдеу комбинаттарына жөнелтілуімен есептеліп, анықтала ма?..
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Павлодар облысы

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше