Сіздерді Қазақстан халқы Ассамблеясы тарихи оқиға – Қазақстан Республикасының алғаш рет Біріккен Ұлттар Ұйымының басты органы – Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлануымен құттықтайды!
Біздің еліміз БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына Орталық Азиядан сайланған тұңғыш мемлекет.
2016 жылғы 28 маусымда Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясы жұмысына 193 мемлекеттің қатысуымен өткен дауыс беру кезінде Қазақстанға 138 мемлекет қолдау көрсетті.
2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасы Азия-Тынық мұхиты аймағы мемлекеттері атынан БҰҰ саяси органының аса маңызды жұмысына ресми түрде қатысатын болады, оған Ұйымның Жарғысымен жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау бойынша өкілеттіктер жүктеледі.
Бұл – Қазақстанның тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бейбітшілік сүйгіш сындарлы сыртқы саясатының жеңісі!
Бұл барша қазақстандықтардың жеңісі!
Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болып сайлануы – Қазақстан Республикасының халықаралық жоғары беделінің айшықты айғағы, оның халықаралық қауіпсіздікті және мемлекетаралық қатынастардағы сенім шараларын нығайтуға қосқан үлесінің бағалануы.
Қарусыздану саясатының эталоны болған Қазақстанның және оның Көшбасшысының Семей ядролық полигонын жабу, ядролық қарудан өз еркімен бас тарту бастамашыл бейбітшіл идеялары халықаралық қоғамдастықта қолдауға ие болды.
Қазақстанның Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес шақыру туралы бастамасы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі, Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру, қауіпсіз жаңа әлем мен әділеттілікке бағытталған G-global бастамасы Қазақстанды бейбітшіл бастамалар мен бүкіл әлемдегі сенім атмосферасын қалыптастырушы көшбасшы ретінде танытты.
Халықаралық қоғамдастықты ядросыз әлем құруға, кез келген соғыс түрін болдырмай, оның алдын алуға шақырған АҚШ-тағы ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитте жарияланған Қазақстан Республикасы Президентінің «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі БҰҰ-ның ресми құжатына айналды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы асқан ризашылық сезімін білдіре отырып, Қазақстан Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты, барша Қазақстан халқын Қазақстанның көпвекторлы халықаралық саясатындағы тарихи жеңісімен құттықтайды!
Бұл жеңіс – Орталық Азияның және еліміздің әр азаматының қауіпсіздігін нығайтудың кепілі!
Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі,
Астана қ., 2016 жылғы 29 маусым

Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10
Оралда қысқы спорт түрлеріне арналған фестиваль өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:57
Шығыс Қазақстанда ас үй орындығына есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:50
Ұлытау облысында ескек есу мектебі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 11:48
Қостанай облысында он үш адам қар құрсауынан құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 11:36
ERG кеншілері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:20
Елімізде үндістандық «Десилмакс» дәрісін сатуға тыйым салынды
Фармацевтика • Бүгін, 11:20