фильмінің тұсаукесері Мәскеуде өтті
Белгілі режиссер, кинематограф Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» фильмінің тұсаукесері Ресей астанасында өтті. Жаңа туынды 1930 жылдан бастап бүгінге дейінгі аралықты қамтиды. Халықтың көрген қиыншылықтары, сол кезеңдегі аштық, қуғын-сүргін, соғыс жылдары, соғыстан кейінгі елдің нашар тұрмысы – бәрі-бәрі фильм сценарийіне арқау болған. Тағдырдың жазуымен бір-бірінен ажырап қалған ана мен баланың жылдар бойғы сағынышы, бастарына түскен қиындықтарды еңсеріп, қайта қауышқан сәттері көрермендерді еріксіз жылатты.
Драмаға толы фильмнің түсірілім жұмыстары Қазақстанда, Әзербайжанда, Беларусьте өткен.
– Алты ай уақытымызды сарп еттік. Күн демей, түн демей, қолымыздан келгеннің бәрін жасадық. Аталарымыздың бастан кешкен қиындықтарын барынша шынайы жеткізуге тырыстық, – деді басты рөлді сомдаған Әділ Ахметов.
Бұл – алғашқы ашық көрсетілім. Тұсаукесерге келгендердің көңілінен шыққаны айдан анық. «Асқан шеберлікпен түсірілген. Соғыс жүріп жатқан тұстары мен киноның ауқымдылығы таңғалдырды», деген жылы лебіздерін білдіріп жатты киносыншылар.
– Маған қатты ұнады. Фильм аяқталар тұста көзімнен жас ағып кеткенін байқамай қалдым. Актерлердің, операторлардың жұмысы тіптен ерекше, – деді актер Иван Николаев.
Аян ӘБДУӘЛИ,
«Егемен Қазақстан»

Алаяқтардың жаңа айласы: Apple-ден келген хат сізді тақырға отырғызуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 17:51
Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
Қазақстан • Бүгін, 17:37
Ясауи іліміндегі рухани еркіндік
Таным • Бүгін, 17:35
Продюсерінен зорлық көрген жігіт оқиғасы: Полиция тексерісті бастады
Оқиға • Бүгін, 17:20
Қостанай облысында 2 адамның өліміне себеп болған жүргізуші сотталды
Аймақтар • Бүгін, 16:58
Онлайн құрбан шалуға арналған арнайы сайт іске қосылды
Қоғам • Бүгін, 16:35
15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Парламент • Бүгін, 16:12
Қарағандыда 1 млн тоннаға дейін металлургиялық кокс өндіретін зауыт салынады
Энергетика • Бүгін, 16:07
Үкіметте ұлттық жүк әуе компаниясының жұмысын ұйымдастыру тәсілдері талқыланды
Үкімет • Бүгін, 15:50
Трамп әлеуметтік желіде Венесуэланы АҚШ-тың 51-штаты ретінде көрсетті
Әлем • Бүгін, 15:42
Санкцияны айналып өту: Марко Рубио Қытайға кіру үшін есімін өзгерткен бе?
Әлем • Бүгін, 15:31
Қазақстанда 3 жаңа орден пайда болады
Тағзым • Бүгін, 15:27
Нұрай Серікбай ісі: Жаңа күдіктілер анықталған жоқ
Қоғам • Бүгін, 15:20
Серік Жұманғарин: Мұнай өндірісі ақсамағанда, ІЖӨ өсімі 6%-дан асар еді
Экономика • Бүгін, 15:17
Министр: Елімізде интернет жылдамдығы 75 пайызға артты
Технология • Бүгін, 14:59