01 Шілде, 2016

Ел тірегі – үлгілі отбасы

480 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
19-08-hatshi-386x500Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрайымдығымен «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағын беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Отырыста сөйлеген сөзінде Мемлекеттік хатшы «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өткізіліп келе жатқанын, оның аудандық, өңірлік және ұлттық секілді үш кезеңді қамтитынын атап өтті. Сондай-ақ, Мемлекеттік хатшы Қа­зақ­стан Тәуелсіздігінің 25 жылды­ғында үлгілі отбасыларды таңдау барысында олардың мемлекеттің қалыптасуы мен өркендеуіне қосқан үлестері ескерілетінін айтты. «Елбасы Отанның бірлігі отбасының бірлігінде екеніне назар аудара отырып, елдің дамуы мен Тәуелсіздіктің нығаюында отбасылық институттың рөлі мен маңызы айрықша екенін атап өткен болатын. Міне, елімізде 2014 жылдан бері «Мерейлі отбасы» конкур­сы ұйымдастырылып келеді. Оған қатысушылардың да саны көбеюде. Бұл конкурс жергілікті өңірлердің өз дәс­түрлеріне, ерекшеліктеріне сәйкес өткізілуде. Отбасы – мемле­кет­тің маңызды тірегі. Биыл біздің еліміз өз Тәуелсіздігінің 25 жыл­ды­ғын атап өтеді. Осыған орай, біз кон­курс­қа қатысуға ниет танытқан отбасы­лардың, олардың әрбір мүшесінің Қазақстанның дамуы мен өркендеуіне қосқан үлестерін саралап, сараптайтын боламыз», деді Г.Әбдіқалықова. Мемлекеттік хатшы отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға байқауды әрі қарай ұйымдастыру мәселелері жөнінде бірқатар тапсырма берді. Аталған конкурс, ең алдымен, отбасы институтын нығайтуға, адамгершілік пен отбасылық құн­дылық­тарды қастерлеуге, аға буынды құр­меттеуді және балаларға ізет көрсе­туді дәріптеуге бағыттал­ғаны белгілі. Сондықтан, оған еңбек­те, зияткерлікте, ғылымда, шығарма­шылық пен спортта жоғары жетістік­терге қол жеткізген отбасылары қатыса алады. Байқау үздіктерін анықтау отбасы мүшелері жетістіктерінің мәні, рухани-адамгершілік құндылықтар мен шынайы отбасылық дәстүрлерді ұстанушылық, өмір сүру салты мен қоғамдағы абырой-беделі секілді өлшемдерге сәйкес жүзеге асырылатын болады. Биылғы жылдың маусым айын­да еліміздің барлық өңірінде екін­ші кезеңнің жеңімпаздарын мара­пат­таудың салтанатты рәсімдері өткізіліп, әрбір облыстан, Астана және Алматы қалаларынан үшінші, яғни ұлттық кезеңге қатысу үшін екі отбасыдан анықталған екен. Конкурстың ұлттық кезеңіне дайындық аясында комиссия мүшелері финалға қатысатын 16 үміткерді белгілеген, сонымен қа­тар, конкурстың жеңімпазына табыс­талатын дипломдар мен мүсінші­лердің эскиздерін бекіткен. «Мерейлі отбасы» байқауының финалдық кезеңінің жеңімпаздарын анықтауға еліміздің барша азаматы онлайн-дауыс беру арқылы телефон бойынша, kaztube.kz порталында, сон­дай-ақ, SMS-хабарлама жолдау ар­қылы тікелей қатыса алады. Дауыс беру биылғы жылдың 2-9 қыр­күйегі аралығында өткізіліп, оның қоры­тындысы сол айдың екінші жексенбісі – Отбасы күні қарсаңында жариялана­тын болады. Байқауды Қазақстан Рес­публикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлт­тық комиссияның, сондай-ақ, Астана, Алматы қалаларының және облыс әкімдері жанындағы отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ко­миссиялардың қолдауымен Мә­де­ниет және спорт, Ақпарат және ком­му­никациялар министрліктері ұйым­дастырады. Отырыс аясында журналистерге берген сұхбатында Қазақстан Рес­пуб­ликасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлт­тық комиссия төрайымының орынбасары Ләззат Сүлейменова «Мерейлі отбасы» конкурсының ауқымы жылдан жылға кеңейіп келе жатқанын жеткізді. «Оның негізгі мақсаты – отбасы институтын нығайту. Биылғы жылы 2600-ге тарта отбасы конкурсқа қатысу үшін өз құжаттарын тапсырды. Бүгінде аудандық, қалалық, облыстық деңгейдегі конкурстардың қорытындылары шықты. Қазіргі уақытта конкурсты өткізу респуб­лика­лық деңгейге жетіп отыр. Байқау­ға жалпы 110-нан астам ұлт өкілдері қатысуда. «Мерейлі отбасының» елі­міз­дің мемлекеттілігі мен отбасы инсти­тутын бекітудегі, жастарды тәрбие­леудегі ықпалы зор деп ойлаймын», деді ол. Ал аталған комиссияның тағы бір мүшесі Салтанат Байқошқарова бұл байқаудың үлгілі отбасыларды қоғамға, жастарға насихаттаудағы рөлі орасан екенін айтты. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»