«Сұңқар» тәлімбағы ТМД елдерінде жалғыз, әлемде Германиядан кейін екінші болып есептеледі. Орнитологтардың мәліметінше, Қазақстанның табиғи жағдайындағы бүркіттердің саны бар болғаны 2 мыңдай ғана екен. Бұл олардың көбеюі үшін жеткіліксіз. Ал олардың азайып кетуіне құстар балапан шығаратын кезде азық қорының кемдігі, браконьерлердің іс-әрекеттері, өрттер мен жоғары қысымдағы электр желілерінің зардабы себеп болуда.
«Сұңқар» тәлімбағының директоры Ашот Анзоровтың айтуынша, балапандар алдымен вольерлерге орналастырылады. Бұл құстардың еркін ортаға бейімделуі үшін маңызды сәт. Арнайы орындарда олар адамдарды көрмейді, өз азығын өз бетінше тауып жеуге машықтанады, содан соң табиғи жағдайда көбеюіне жағдай жасалады.
– Табиғатта табиғи іріктелу, табиғи шығын деген болады ғой. Яғни, өмірге бейімделмеген әлсіз құс өледі. Оның үстіне бүркіт жылына бар болғаны бір немесе екі жұмыртқа ғана салады. Ал біз, мамандардың арқасында сол шығындарды азайтып, құстардың көбеюіне жол ашамыз. Біз тіпті, эмбрионның жұмыртқада дұрыс дамуына көмек көрсете аламыз. Бұл үшін, бүркіт жұмыртқалаған кезде, оның жұмыртқасы бүркітке байқатпай алынып, орнына өтірік жұмыртқа, яғни муляж қойылады. Ал шын жұмыртқа 45 күн инкубаторда 37,3 градус және 60-90 пайыздық ылғалдылықта сақталады. Жұмыртқаны жарып шыққан соң, балапан 2 айдан астам уақытқа «ата-анасына» қайтарылады. Аталық бүркіт пен аналық бүркіт балапандарын жақсы қабылдайды. Оларды бауырына басады, қоректендіреді, тәрбиелейді, – деді А.Анзоров.
Бүркіттің балапандары табиғатқа 4-5 айлығында жіберіледі. Анзор Амиранұлының айтуынша, ұшыруды бұл мезгілден кешіктіруге болмайды. Өйткені, дәл осы кезде табиғатта жас құстар, сарышұнақтар көп болады. Ал оларды аулау жас бүркіттерге оңайға түседі.
Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 17:51
Әлемдік сарапшы Кай-Фу Ли Алматыда ЖИ бойынша сабақ өткізді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:30
Филиппинде Майон жанартауы атқылады: 5 000-нан астам адам эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 17:02
Еуропада қазақстандық көмірге сұраныс артты: Экспорттық баға көтеріліп жатыр
Экономика • Бүгін, 16:33
Сүйінші: Қазақстандық триатлоншы Олимпиада жолдамасын жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:51
Елордадағы LRT құрылысы: Қосшы бағытындағы жұмыстардың жай-күйі белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 15:37
Тоқаев жаңа құлынға Ақниет деп ат қойды: Президент тұлпарлардың күтімін көрді
Президент • Бүгін, 15:09
Дональд Трамп Иран ұсынған 14 шарттан тұратын жоспарға күмән келтірді
Әлем • Бүгін, 14:50
ОПЕК+ мұнай өндіру көлемін арттырмақ
Экономика • Бүгін, 14:33
Ветеринарлық чип қосылған самса: Алматыда танымал дәмханадағы жағдай жұртты шошытты
Оқиға • Бүгін, 14:09
Тұрар ауылындағы жаппай төбелестің видеосы тарады
Оқиға • Бүгін, 13:46
Астаналықтар назарына: Павлодар бағытындағы айналма жол 13 мамырға дейін жабылады
Оқиға • Бүгін, 13:04
10 маусымға дейін үлгеріңіз: Президент сыйлығы мен грантына құжат қабылдау басталды
Оқиға • Бүгін, 12:41
Полицейлерді роботтар алмастыра ма? Қытай көшелеріне «темір сақшылар» шықты
Әлем • Бүгін, 12:19