12 Шілде, 2016

Shacman

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
27-06-2016 Шакман шетелдік бұл жүк көлігінің бөлшектері Семейде құрастырылады   Семей қаласындағы ірі кәсіп­орындардың бірі – «СемАЗ» жауап­кершілігі шектеулі серіктес­тігі дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты. Қазақстандық құрамды арттыру мақсатында зауытта құрастырылатын SHACMAN жүк көліктерінің шанағы мен кейбір бөлшектері енді зауыттың өзінде шығарыла бастады. Бұл өз кезегінде 50 адамға жұмыс көзін тауып беріп отыр. Қаладағы колледждердің бірін аяқтағанымен, ұзақ уақыт жұмыссыз жүрген Айбек Оразбеков қызмет орнын аталған зауыттан тапты. Екі апта бойы тәжірибеден өтіп, жақсы нәтижесімен көзге түс­­­кен автомеханик жарты жыл­дың ішінде жүк көліктерін құ­рас­тырудың қыр-сырын жетік мең­герген. Мен алтыншы постта жұмыс істеймін. Көліктің кабинасын құ­рамыз, құбырлар шығарамыз. Жұ­мысым өзіме ұнайды, деді ол. Зауыт­та күніне 3-4 SHACMAN көлігі шығарылады. Осы үлгідегі қазақ­стандық құрамның үлесі 38 пай­ызға артып отыр. Жүк көлік­терін құрастыру бойынша 120 адам еңбек етеді. Кәсіпорынның өндіріс басшысы Жандос Ілиясовтың айтуынша, жыл соңына дейін 400 дана техника құрастыру жоспарланған. Алайда, бұл көрсеткішті сұра­нысқа орай екі есеге дейін арттыру мүмкіндігі бар. Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан» СЕМЕЙ