Бүкіл Қазақстан үшін ерекше тарихи биікке шыққан қуанышымызды қашан, қалай айтсақ та жарасады. Қазақстан Республикасының Азия тобы мемлекеттерінің атынан Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдарда тұрақты емес мүшесі болып сайлануы – әрбір қазақстандық үшін мерей.
Ендігі алдағы екі жыл бойында біздің еліміз Бүкіләлемдік мінбеден бейбітшіліктің салтанат құруы жолында өзінің жүргізіп те, жүзеге асырып та келе жатқан бейбітсүйгіш сөзімен бейбітшіліктің салтанат құруына өз үлесін қосу мүмкіндігіне ие болды.
Әрине, бұл жерде біздің еліміздің осынау ұлы миссиясының ізгілікті мазмұны әрбір елім деген көзі қарақты азамат үшін аян іс. Сондықтан мемлекеттік деңгейдегі бұл орасан зор саяси табысымыз халықтық сипат алып, әрбір отандасымыздың елжандылық рухының нығайып, беки түсуіне жаңа серпін беретінін баса айтқым келеді. «Бағалай білгенге бақ қонады» деген осы! Барша әлем біздің еліміздің бейбітсүйгіш саясатының жемістері мен жеңістерін жоғары бағалап, асқаралы мәртебеге көтеріп отырғанда, сол мәртебенің иесі ретіндегі әрбір азаматымыздың мақтаныш сезімінде шек бар ма?
Өзім жас ұрпақ тәрбиесі саласының қызметкері болғандықтан, мен үшін бұл – айрықша қуаныш. Мектеп әрбір шәкірттің тұлғалық мүддесін мемлекеттік, халықтық мүддемен үйлестіріп, біртұтас мемлекетшіл азамат баулуға бағыт ұстанады. Осы орайда, Қазақстан Республикасының бұл тарихи асуы – отаншылдық тәрбие үшін аса өзектілікті қазыналы береке. Ол арқылы Отан үшін мақтаныш, ел үшін мақтаныш әрбір жастың жүрегіне еселеп ұялайтын болады.
Еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізген сәттен бастап өзінің бейбітсүйгіш жолынан таймай өркендеп келеді. Басқа ізгілікті істерді айтпағанның өзінде, жер жүзін төрт мәрте құртып жіберуге жететін Семей сынақ полигонын жойып, ядролық қарудан біржола бас тарту, бүкіл әлемде ядролық қарусыздануды жүзеге асыру жолындағы қозғалысқа үздіксіз үн қосу, еліміздегі саяси тұрақтылықтың негізгі тетігі болып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясының игілікті жұмысын қамтамасыз ету сияқты іргелі-іргелі істеріміздің бірден-бір дұрыс сара жол екеніне көзіміз тағы да жетіп отыр.
Бүгінгі жеңісіміз осы нұрлы жолымыздың одан да табысты, одан да нәтижелі болуына күшті серпін беретіні қуантады. Осынау ұлы істердің жоспарлаушысы, бастамашысы Елбасы, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үшін ризашылығымыз шексіз. Халқымыз тыныштықта емін-еркін сапалы өмір сүру үшін еңбектеріңіз осылай мұратты бола берсін дейміз.
Аягүл МИРАЗОВА,
Қазақстанның Еңбек Ері
АЛМАТЫ

Табысты растау міндетті болады: 1 шілдеден бастап ипотека беру тәртібі өзгереді
Ипотека • Бүгін, 18:05
Әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты: 19 команда басты жүлдеге таласады
Футбол • Бүгін, 17:48
Алматыда «Бір аспан астында» халықаралық заманауи өнер көрмесі ашылды
Көрме • Бүгін, 17:27
Ақордада Израиль Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Оқиға • Бүгін, 17:25
Қазақстан жұмыртқа импортына шектеу қойды: Нарықта отандық өнім үлесі артты
Экспорт • Бүгін, 17:11
Блогер Ерболат Жанабылов пен жұбайына қатысты сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 16:58
Threads-те желтоқсаншыларды тілдеген әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:47
ҰБТ нәтижесі жеткіліксіз: Болашақ мұғалімдер үшін қосымша емтихан енгізіледі
Білім • Бүгін, 16:36
Алматы метросын салу кезінде ұрланған 127 млн теңге мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 16:33
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз әрі сапалы өтуі тиіс
Қоғам • Бүгін, 16:16
Елімізде мәдени мұраны қорғау үшін арнайы мекемелер құрылады
Қоғам • Бүгін, 16:12
Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 15:59
Министр ҰБТ-ға қатысты жаңаша өзгерістердің қандай болатынын жариялады
Білім • Бүгін, 15:45
Депутат Бақытжан Базарбек Platonus платформасының жекешеленіп кеткенін сынға алды
Парламент • Бүгін, 15:30