Фото: damu.kz[/caption]
«Даму» Қорының Басқарма төрағасы мен Жамбыл облысы әкімдігінің арасында меморандумға қол қойылды. Құжат бойынша облыс әкімдігі мен «Даму» Қоры паритетті негізде ауыл шаруашылық, өңдеу өнеркәсібі, туризм, өнер және көңіл көтеру саласында қызмет көрсететін шағын және орта кәсіпкерлерге 500 млн. теңге бөлінеді. Қаражат екінші деңгейлі банктер арқылы беріледі. Жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 8,5 пайыз.
Несиенің шектік мөлшері – Тараз қаласының кәсіпкерлері үшін 100 млн. теңгеге дейін, Жамбыл облысында жүзеге асырылып жатқан жобалар үшін 50 млн. теңге. Несие жаңа құрал сатып алып, негізгісін жаңалауға 84 айға дейін беріледі. Айналымдағы қаражатты толтықтыруға 36 айға дейінгі мерзім көрсетілген. Негізгі қарызды өтеудегі жеңілдік берілетін мерзім 12 айдан аспайды.
«Жамбыл облысында жұмыс істеп жатқан шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының көп еместігін, яғни бар жоғы 59 мың екенін ескере отырып, арзан, қолжетімді, ұзақ мерзімге берілетін несие ұсыну арқылы олардың қатарын көбейтуіміз керек. Жылына 8,5 пайыз сыйақы мөлшерлемесімен берілетін несие – өңірдегі ШОБ өсіміне үлкен серпін болары анық» деді «Даму» Қорының Басқарма төрағасы Қаныш Тулеушин.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ – бұл Ұлттық даму институты, 100 пайыз акциясы «Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы холдингі» АҚ тиесілі. «Даму» Қорының міндеті – ШОК сапалы дамытуға жан-жақты қолдау көрсету, сонымен қатар Қазақстандағы операторлар мен интеграторлар болып табылатын ұсақ қаржыландыру ұйымдарына қаржылай, консалтингтік қызмет көрсету.
Оралхан ДӘУІТ
Жамбыл облысы

Қостанайда білім бөлімінің басшысы алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды
Қоғам • Бүгін, 21:35
Иран мен АҚШ келіссөздерінің тоқтауы мұнай бағасын күрт өсірді
Экономика • Бүгін, 21:05
Семейде шаруашылық тауарлары сақталған қойма өртенді
Қоғам • Бүгін, 20:40
Үкімет Степногорск пен Көкшетаудағы жылу желілерін жөндеуге 3,9 млрд теңге бөлді
Қоғам • Бүгін, 20:27
Мемлекет басшысы Италия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Саясат • Бүгін, 20:25
Кипр Президенті Никос Христодулидис Қазақстанға ресми сапармен келеді
Саясат • Бүгін, 20:20
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының кезекті тобы әкелінді
Экология • Бүгін, 19:48
Ерлан Қарин: «Таза Қазақстан» жалпыұлттық қоғамдық қозғалысқа айналды
Қоғам • Бүгін, 19:27
Президент «штрафстан», «айыппұлстан» туралы айтқандарды қатаң сынға алды
Қоғам • Бүгін, 18:50
Қазақстанға аптап ыстық келе жатыр: Маусымда ауа температурасы +46°C-қа дейін көтеріледі
Ауа райы • Бүгін, 18:20
Қордай маңындағы қайғылы жол апаты: Бір адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 18:00
БҚО-да балалар лагеріне жұмысқа тұрмақ болғандардың бұрын сотталғаны анықталды
Аймақтар • Бүгін, 17:56
Субұрқақта шомылудың денсаулыққа қандай зияны бар?
Қоғам • Бүгін, 17:42
Алматыдан Гонконгке тікелей әуе рейсі ашылады
Инфрақұрылым • Бүгін, 17:40
Президент «Атлетико де Мадрид Қазақстан» футбол академиясына барды
Президент • Бүгін, 17:19