19 Шілде, 2016

Биатлоншылар Бьорндален мен Домрачева үйленді

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
[caption id="attachment_51975" align="aligncenter" width="596"]19.07.2016 AST-1 Фото: facebook.com[/caption] Биатлоннан Олимпиаданың сегіз дүркін чемпионы, норвег Уле-Эйнар Бьорндален мен Олимпиаданың үш дүркін чемпионы, белорус Дарья Домрачева үйленді. Екеуі 2010 жылы Канаданың Ванкувер қаласында өткен қысқы Олимпиялық ойындарда танысқан екен. Бұған дейін Бьорндален бір рет үйленген болатын. Ол 2006 жылы итальян биатлоншысы Натали Сантерге үйленіп, 2012 жылы жұбы жараспай ажырасып кеткен. Ал Домрачеваға үйленгісі келетіні туралы ол жақында айтқан. Осы жылдың сәуір айында facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында белорус қызының өзінен бала күтіп отырғанын хабарлаған. Бьорндален facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында беларус биатлонисіне үйленгені туралы сүйінші сұрап, екеуінің фотосын салып қойыпты. Онда астына «Қандай тамаша күн!» деген қолтаңбасын қалдыруды да ұмытпапты. Норвег спортшысы Олимпиада тарихындағы ең медаль алған биатлоншы. Ал Домрачева қысқы Ойындарда ең көп жүлде жеңіп алған спортшы. 2014 жылы Сочи Олимпиадасында ол үш жарыста чемпион атанды. Осы жеңісі үшін оған «Беларусь батыры» деген атақ берілді. 2004 жылға дейін Дарья Домрачева Ресей азаматы болған. Дастан КЕНЖАЛИН