Фото: uralskweek.kz[/caption]
Батыс Қазақстан облысының орталығы – Орал қаласында жөндеуден өткен жолдарға кемінде сегіз жыл кепілдік беріледі.
Жақында қала әкімі Нариман Төреғалиев шаһар бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан барлық жолдарды қарап шығып, осындай шешімге келді. uralskweek.kz ақпары бойынша бұған дейін мердігерлер өздері жіберген кем-кетіктер мен қателіктерді қалпына келтіргеннен кейін жолдарды пайдалану уақыты 3 жыл ғана болатын.
«Өткен жылы жол жөндеуге қатысты жұмыстарын сапасыз атқарған кей мердігер компанияларға біз арнайы хат жолдап, кемшіліктерін түзеу туралы ескерткен болатынбыз. Бұл қызмет көрсету бойынша кепілдік мерзімі әлі аяқталмаған мердігерлерге қатысты. Алдағы уақытта тендерге қатысатын жол салумен айналысатын барлық құрылысшыларға жолдарға кемінде сегіз жылға кепілдік беру талабын қоятын боламыз. Жолдар кемінде он жылға жарамды болуы керек», – деп атап өтті Нариман Төреғалиев.
Темір ҚҰСАЙЫН
• 19 Шілде, 2016
Оралда жөнделген жолдарға сегіз жыл кепілдік беріледі

Тұлға • Кеше
Ауа райы • Кеше
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Кеше
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Кеше
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Кеше
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Кеше