19 Шілде, 2016

Тайваньда ірі жол апатынан 26 адам опат болды

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
[caption id="attachment_52047" align="aligncenter" width="700"]190716-taiwan Фото: russian.rt.com[/caption] Тайваньда туристер мінген автобус апатқа ұшырап, 26 адам опат болды. rt.com ақпарына сәйкес, оқыс оқиға мемлекет астанасы Тайбэй қаласының оңтүстігіндегі Таоюань уездінде болған. Жолаушылардың басым бөлігі Қытайдан келген туристер екені анықталды. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, автобус жол жиегіндегі қоршауға соғылған. Артынша, көп ұзамай толығымен өртеніп кеткен. Таоюанның өрт сөндіру қызметкері Цзэн Хаоның айтуынша опат болғандар саны әлі артуы мүмкін. Жол апатының неден болғаны әзірге белгісіз. Қазіргі таңда өрт сөндірушілер қызыл жалынды сөндіруде. Тәртіп сақшылары тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Зардап шеккендер жақын маңайдағы ауруханаларға жеткізілді. Аян ӘБДУӘЛИ