19 Шілде, 2016

Футбол. Станимир Стойлов: «Астана» жеңіске жетуге бар күшін салады

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
190716-stoilov Ертең Астанада Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Астана» мен «Жальгирис» командалары кездеседі. Бүгін осы ойын туралы «Астана» клубының бас жаттықтырушысы Станимир Стойлов өз ойымен бөлісті. «Бұл кездесуде мен Серікжан Мұжықовтан үміт күтемін. Азат Нұрғалиевтің ойнамайтыны өкінішті. Мен онымен «Атыраумен» өткен кездесуден кейін сөйлестім. Біз осы ойында жеңіске жетуге тырысамыз. Біздің ойыншылар жақсы ойын көрсетеді деп ойлаймын. Астана» командасының матчқа дайындалуға әлі 24 сағат уақыты бар. Жальгиристі жеңсек, келесі ойынды ойлауымыз керек. Ал қазір біздің бар ойымыз – «Жальгирис». Команданың психологиялық тұрғыдағы дайындығы ойдағыдай. «Жальгирис» жақсы ойын көрсетіп  жүр. Сондықтан біз одан барынша сақтанамыз. Қазір «Астананы» жанкүйерлері қолдауы керек»,  деді команданың бас жаттықтырушысы. Дастан КЕНЖАЛИН