20 Шілде, 2016

Ғарыш ғазалы

424 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
kaz «KazSat-2» Ұлттық спутнигі ұшырылғанына – 5 жыл Осыдан 5 жыл бұрын, 2011 жылдың 16 шіл­десін­де «Байқоңыр» ғарыш айла­ғы­нан «Протон-М» зымыран тасы­ғышы­­мен байланыс және хабар тарату жөнін­дегі «KazSat-2» Ұлттық спут­нигі жер төңі­регіндегі орбитаға сәтті шыға­рыл­ған болатын. Осы «KazSat-2» ғарыш аппаратын жасаған кезде ең заманауи техникалық шешімдер пайдаланылды, борттық жүйе­лер жаңғыртылды, бағдарлау жүйелері мен өндірісті тұрақ­тандыру­дың сенімділігі жоғары аспап-құрал­дары орнатылды. Ал олар ғарыш аппаратының жолға қойыл­ған сипаттамасын және сенімділіктің қажетті деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызды. «KazSat-2»-нің қамту аймағы Қазақстанның бүкіл аумағына таралады және еліміздің байланыс және хабар тарату операторларының сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ол Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжік­стан, Түрікменстан елдері кіретін Орталық Азия атырабын және Ресейдің орталық бөлігін де қамтиды», – деп атап көрсетті Қазғарыш «Рес­публикалық ғарыш байланысы орталығы» АҚ президенті Виктор Лефтер. «KazSat-2» спутнигін пай­далануға беру біздің мем­­ле­­кетіміздің экономикасы мен дамуындағы маңызды белес болды. Өйткені, ол байланыс спут­н­ик­­терінің тәуелсіз желілерін жасау­ға, қаржының шетелге кете­тін ағы­нын азайтуға және еліміз­дің ақ­параттық қауіпсіздігін қам­тама­сыз етуге жағдай жасады. Бүгінде ғарыш аппараты штат­­тық режімде пайдаланылып, қазақстандық 12 компания желі­лерінің үздіксіз қыз­метін қам­тамасыз етуде. Мұның өзі сан­дық телерадио хабар қыз­меті­нің, жоғары жыл­дам­дық­тағы ғалам­торға кіру­дің, сон­дай-ақ, спут­никтік бай­ланыс­тың жақ­саруына септігін тигізуде. «KazSat-2» спутнигін Қаз­ға­рыш­тың жоғары білікті мамандары басқаратынын атап көрсеткен абзал. Бұл орайда Ақмола облы­сының Ақкөл кентінде орна­лас­қан Ғарыш аппараттарын жер бетінен басқару кешенінің және Алматы қаласындағы «Көктерек» Ғарыш аппараттарын бас­қару­дың резервтік кешенінің ең жаңа техникалық құралдары қол­данылуда. Назар ҚАСЫМ