20 Шілде, 2016

Қант жыры» бітер емес

915 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
кант «Кеше «Егемен Қазақстан» газетінде «Қант неге қат?» атты сын мақала жарияланған еді. Ұлттық экономика министр­лігі табиғи монополия­ларды рет­теу және бәсекелестікті қорғау коми­тетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің бас­шысы Асхат Жапсарбай қант тап­шылығына байланысты өңір­де антимонополиялық тергеу бас­­тал­­ғанын мәлімдеді. «Қарағанды облысы нарығын­да қалыптасқан жағдайға байла­ныс­­ты біздің департамент ірі қант жет­кізу­шілерге қатысты тер­геу­ді бас­та­ды. Біз бұл мәселе­ні ма­ңыз­ды деп санаймыз. Қалып­тасқан жағ­дай қант бағасы­ның шетелде көтерілуі­мен байла­ныс­­ты емес. Біз бұл тап­шылық қол­дан жасалған деп есеп­тейміз. Бұлай деп айту үшін, әрине, ай­ғақ керек. Сол үшін ірі қант жет­кізу­шілеріне қатыс­ты тергеу­ді бастадық», деді А.Жап­сарбай. Сонымен қатар, ол тергеу жүр­­­гі­зіле­тін компаниялардың да атын атады. Олар – «Адал-Ас­лан» ЖШС, «Самади-1», «Ер Ай 2012», «Dias KZ» және «Green Foods». Тергеу барысында бұл ком­­па­ния­лар қатарының көбеюі де әб­ден мүмкін. Еске салсақ, Қарағанды облы­сын­да соңғы күндері 1 кило қант­тың бағасы 340-350 теңгеге шарық­тап кеткен еді. Тіпті, тауар­дың бұл түрі көптеген дүкен­дер­дің сөрелерінен жоғалып кеткен болатын. Жағдайды тұрақ­тан­дыру қорынан бөлінген 150 тонна қант та түзей алмады. Мұның се­бе­бін облыстық кәсіпкерлік бас­­қар­­масының басшысы Татьяна Аблаева былайша түсіндірді. «Не­гізі арнайы бөлінген бұл қант пар­тия­сы тұтыну қажетін толы­ғымен өтейтін еді. Бірақ жұрт қазір қантты әдеттегіден көп мөлшерде сатып алып жатыр», деді ол. Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан» ҚАРАҒАНДЫ