20 Шілде, 2016

Қазақстан халқы Ассамблеясының үндеуі

360 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
  20 07-KHA Құрметті отандастар! 18 шілде күні Алматы қаласында болған террористік шабуылдың сал­дарынан құқық қорғау орган­дарының қызметкерлері жарақат­танып, бірнешеуі қаза тапты, қала тұрғындары зардап шекті. Қазақстан халқы Ассамблеясы бұл жантүршігерлік оқиғаның құрбаны болған адамдардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қайғыларына ортақ екендік­терін білдіреді. Осынау қиын күндері Қазақ­стан­ның барша халқы Сіздермен бірге деп ойлаңыздар. Елбасы – Қазақстан Республи­ка­сының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылдауды, адамдар көп жина­латын жерлерді қорғауды, қоғам­дағы тыныштықты қамта­масыз етуді тапсырды. Ел тыныш­тығын бұзуға жол берілмей­тіні­не, тәртіпті қалпына келтіру бо­йынша барынша батыл шешім­дер қабылданатындығына аза­маттар­дың сенімді болуы керек­тігін атап көрсетті. Біз Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың елдегі қоғамдық келісімді, тәртіп пен тұрақтылықты нығайтуға бағыт­­талған іс-қимылдарын толы­ғы­­мен қолдаймыз. Қазақстан халқы Ассамблеясы жазықсыз жандардың өмірін қиған мұндай адамшылыққа жатпайтын актіні, елдегі бейбіт өмір мен тыныштықты бұзатын қандай да бір қылмыстық әрекеттерді қатаң айыптайды. Біз барша Қазақстан халқы­ның зорлық-зомбылықтың, радикализм мен экстремизмнің қан­дай да түрлерінің таралуына бір адамдай қарсы тұратындығына сенімдіміз. Қазақстан халқы Ассамблеясы қылмыстық әрекеттерге тосқауыл қойған ішкі істер органдарының қызметкерлеріне зор ризашылы­ғын білдіреді. Біз қылмыскерлер­дің әре­кет­терінен зардап шеккен барлық адамдардың тезірек сауы­ғып, қатарға қосылуларына тілектеспіз. Бүгінде әрбір Қазақстан азаматы елдегі бейбіт өмір мен тыныш­тықты көзінің қарашы­ғын­дай сақтауға тиіс деген сенімдеміз. Біздің әрқайсымызға Отаны­мыз­дың тағдыры ерекше қымбат. Қазақстан патриоттары үшін тәуелсіздік, саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім ең қасиетті құндылық болып келді және солай бола да бермек. Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан халқының еліміздегі бейбіт өмір мен келісімді шай­қал­ту­ға бағытталған кез келген әреке­тінің жүзеге асуына бола­шағы біртұтас ұлт ретінде жол бермей­тініне сенімді. Біз – тағдырымыз ортақ бір­тұтас елміз! Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі 2016 жылғы 19 шілде, Астана қаласы