20 Шілде, 2016

Испанияда орман өрті басылмай тұр

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
[caption id="attachment_52111" align="aligncenter" width="700"]200716-barcelona Фото: ccaa.elpais.com[/caption] Испанияның Барселона қаласының солтүстігінде 90 гектар орман отқа оранды. Осыдан екі күн бұрын шыққан қызыл жалынды толығымен сөндіру әзірге мүмкін болмай тұр. Мәліметтерге қарағанда, тілсіз жауды сөндіру үшін 30 өрт сөндіруші, 8 тікұшақ жұмылдырылған. Қазіргі таңда Сант-Фелиу Сассерра әкімшілік аймағында өрт сөндірілді. Мамандар ендігі кезекте іргелес жатқан орман өртін сөндірумен айналысуда. «Қызыл жалынды ауыздықтау үшін барын жасап жатырмыз. Алапат өрт біз ойлағаннан да күшті болып тұр. Осы қарқынынан таймаса, орманға келетін шығын ауқымды болайын деп тұр», – деді өрт сөндіру қызметінің өкілі Жорди Мас. Айта кетейік, 18 шілде күні бір уақытта шыққан алты бірдей өрттен Барселона, Лерида, Жирона, Таррагона қалаларының маңындағы орман алқабына зардабын тигізген. ccaa.elpais.com ақпарына сәйкес, шағын елді мекендердің тұрғындары баспаналарын тастап кетуге мәжбүр болған. Қызыл жалынның неден пайда болғаны белгісіз. Алайда, билік күн райының шамадан тыс ыстық болуынан әрі жаңбыр жаумағанының салдарынан деп хабарлады. Аян ӘБДУӘЛИ