Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде отандық тауарларды қолдауға қатысты баспасөз мәслихаты өтті. Оған «NADLoC жүйелі қолдау шаралары мен жергілікті үлестің идеологиясын дамыту жөніндегі орталықтың» директоры Әсемгүл Балықбаева мен «Қазақстанда жасалған» тауар өндірушілер мен кәсіпкерлер қауымдастығының атқарушы директоры Талғат Асылбаев қатысты.
Брифинг отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларына қатысты өтті. «NADLoC қазір отандық тауар өндірушілерге бірқатар қолдау көрсетіп келеді. Біріншіден, ақпараттық қолдау жасайды. Сондай-ақ, қазақстандық үлес туралы интернет портал ашылды. Бұлармен бірге индустрияландыру картасына енген жобаларға сараптама жүргізіп отырамыз», деген орталық директоры қазіргі кезде отандық тауарларды сатып алу арқылы өз кәсіпкерлерімізді қолдау аса қажет екенін жеткізді.
Өз елімізде өндірілетін тауарларды ел аумағында сату бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылып жатқанын тілге тиек етіп, әрбір қазақстандық ел экономикасының өркендеуіне өз үлесін қосуы керектігін айтты. «Әрбіріміздің санамызда қазақстандық өнімді сатып алсақ, еліміздің дамуына, экономикамызға үлес қосып жатырмын деген ой қалыптасуы керек. Еліміздің өсіп-өркендеуі осыған да байланысты. Сондықтан, бар болса міндетті түрде Қазақстанда жасалған өнімді сатып алыңыздар», деген Ә.Балықбаева өзі дәл қазір қандай қазақстандық тауарды тұтынып жүргені жөніндегі сұраққа қинала жауап берді. Дәлірек айтсақ, нақты ештеңе айта алған жоқ.
Баспасөз мәслихатының екінші бөлімінде спикерлер журналистерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Тілшілерді негізінен қазақстандық қандай тауарлар экспортталып жатқаны толғандырады екен. Өкінішке қарай, журналистерге нақты ақпараттар беруге дайындалып келмеген спикерлер дағдарып қалды. Әйткенмен, Ә.Балықбаева «Қазақстан» шоколады» деп жауап берді. Ал, тауар өндірушілердің қауымдастығында атқарушы директор лауазымын атқарып отырған Т.Асылбаевтың бұл сұрақтардың ешқайсына алып-қосары болмады.
Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,
«Егемен Қазақстан»

Ауа райы • Бүгін, 17:55
Жасөспірімдер арасындағы бала туу деңгейі неге жоғары?
Қоғам • Бүгін, 17:28
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Бүгін, 16:58
Министрлік «Қыз Жібек» фильмінің реквизиттеріне қатысты мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 16:42
Жемқорлықпен күрес: Алты жылда 1 000-нан астам шенеунік сотты болды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржыны бесінші медальмен толықты
Спорт • Бүгін, 15:59
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Бүгін, 15:35
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Бүгін, 14:06
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48