21 Шілде, 2016

Едіге Айтжанұлы ТҮРКЕБАЕВ

811 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ТууркебаевҚазақстанның ғылымы орны толмас ауыр қазаға душар болды. 2016 жылғы 19 шілдеде Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу уни­верситетінің Экономика және бизнес институты директорының орынбасары, танымал инженер-металлург, экономика ғылым­дарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Едіге Айтжанұлы Түркебаев дүние салды. Едіге Айтжанұлы 1951 жылы Мәскеу қаласындағы И.Сталин атындағы болат институтын бі­тір­ген. Ол – металлургия сала­сындағы алғашқы ұлттық кә­сіби мамандардың бірі. Едіге Айтжанұлы Қазақ металлургия зауытында, ҚазКСР Ғылым акаде­миясының Металлургия және кен байыту институтында, ҚазКСР Ғылым академиясының Химия-металлургиялық институтында ұзақ жылдар жемісті еңбек етіп, ғы­лыми зерттеулермен айналыс­ты. 1965-1988 жылдар аралығында Едіге Айтжанұлы Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау ко­ми­теті жанындағы Эконо­микалық ғылыми-зерттеу институтында бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары және директор болып қызмет атқарды. 1989 жылдан бастап ол Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің өнеркәсіп экономикасы кафедрасының меңгерушісі, профессоры болып еңбек етті. Едіге Айтжанұлы өзінің бүкіл саналы ғұмырын еліміздің халық шаруашылығы экономика­сын зерттеуге арнады. Оның ұзақ жыл­ғы ізденісті зерттеулерінің жемісі халық шаруашылығының экономика ғылымында кеңінен қолданылуда. Ол 300 ғылыми еңбектің авторы. Қазақ КСР ғы­лымына еңбек сіңірген қай­раткер (1979), Қазақстан Рес­публикасы білім саласының құрметті қыз­меткері (2005). «Құрмет Белгі­сі» орденінің және бірқатар шетел­дердің мем­­лекеттік марапат­тары­ның иегері. Едіге Түркебаевтың жарқын бейнесі оны білетіндердің жүре­гінде ұзақ сақталады. Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу уни­верситетінің ұжымы