21 Шілде, 2016

Футбол. «Астананың» келесі қарсыласы анықталды

357 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
200716-Astana 14   Футболдан Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Астана» Шотландияның «Селтик» командасымен кездесетін болды. Біздің жерлестеріміз екі ойынның қорытындысы бойынша Литваның «Жальгирис» командасынан (0:0, 2:1) басым түссе, «Селтик» Гибралтардың «Линкольн» клубынан бірінші ойында 0:1 есебімен есе жіберіп, жауапты матчта 3:0 етіп ұтты. Аталған командалар арасындағы алғашқы ойын 26 немесе 27 шілде күні «Астана-Арена» стадионында, ал қарымта матч 2 немесе 3 тамызда Шотландияда өтеді. Айта кетейік, 2013 жылы «Селтик» Қарағандының «Шахтер» клубымен кездескен болатын. Онда екі ойынның қорытындысы бойынша (0:2, 3:0) қарағандылықтар қарсыластарына жол беріп алған еді. [caption id="attachment_52388" align="aligncenter" width="700"]210716-UEFA Фото: molniasport.ru[/caption] Екінші іріктеу кезеңінде өнер көрсеткен командалардың көрсеткіші: «Алашкерт» (Мартуни, Армения) – «Динамо» (Тбилиси, Грузия) 1:1 «Лиепая» (Лиепая, Латвия) – «Зальцбург» (Зальцбург, Австрия) 0:2 «Шериф» (Тирасполь, Молдова) - «Хапоэль» (Беэр-Шева, Израиль) 0:0 «Сейняйоки» (Сейняйоки, Финляндия) – БАТЭ (Борисов, Беларусь) 2:2 «Дюделанж» (Дюделанж, Люксембург) – «Карабах» (Агдам, Әзербайжан) 1:1 «Норчепинг» (Норчепинг, Швеция) – «Русенборг» (Тронхейм, Норвегия) 3:2 АПОЭЛЬ (Никосия, Кипр) – «Нью-Сейнтс» (Ллансантфрайд, Исландия) 3:0 «Копенгаген» (Копенгаген, Дания) – «Крузейдерс» (Белфаст, Солтүстік Ирландия) 6:0 «Црвена Звезда» (Белград, Сербия) – «Валлетта» (Валлетта, Мальта) (2:1) «Легия» (Варшава, Польша) – «Зриньски» (Босния және Герцеговина, Мостар) 2:0 «Младост» (Подгорица, Черногория) – «Лудогорец» (Разград, Болгария) 0:3 «Ференцварош» (Будапешт, Венгрия) – «Партизани» (Тирана, Албания) 1:1 (пенальти: 1:3) «Тренчин» (Тренчин, Словакия) – «Олимпия» (Любляна, Словения) 2:3 «Динамо» (Загреб, Хорватия) – «Вардар» (Скопье, Македония) 3:2 «Хабнарфьордюр» (Хабнарфьордюр, Исландия) – «Дандолк» (Ирландия, Дандолк) 2:2 Ал  үшінші іріктеу кезеңінде мына командалар кездеседі: «Русенборг» (Тронхейм, Норвегия) – АПОЭЛ (Никосия, Кипр) «Динамо» (Загреб, Хорватия) – Динамо (Тбилиси, Грузия) «Тренчин» (Тренчин, Словакия) – «Легия» (Варшава, Польша) БАТЭ (Борисов, Беларусь) – «Дандолк» (Ирландия) «Виктория» (Пльзень, Чехия) – «Карабах» (Агдам, Әзербайжан) «Лудагорец» (Разград, Болгария) – «Црвена Звезда» (Белград, Сербия) «Партизан» (Белград, Сербия) – «Ред Булл» (Зальцбург, Австрия) «Спарта» (Прага, Чехия) – «Стяуа» (Бухарест, Румыния) «Ростов» (Дондағы Ростов, Ресей) – «Андерлехт» (Брюссель, Бельгия) «Аякс» (Амстердам, Нидерланд) – ПАОК (Салоники, Грекия) «Шахтер» (Донецк, Украина) – «Янг Бойз» (Берн, Швейцария) «Астра» (Джурджу, Румыния) – «Копенгаген» (Копенгаген, Дания) «Фенербахче» (Ыстанбұл, Түркия) – «Монако» (Монако) «Олимпиакос» (Пирей, Грекия)  – «Хапоэль» (Беэр-Шева, Израиль). Аян ӘБДУӘЛИ