Шілденің 20-сы күні кешке Арменияның астанасы – Ереван қаласының Эребуни ауданындағы патруль-күзет қызметі полкі ғимаратына жақын маңда наразылық шеруіне шығушылар мен полицияның қақтығысы басталды.
EuroNews хабарына қарағанда, шерушілер 20 маусым күні заңсыз қару сақтады деген айыппен қамауға алынған оппозициялық бағыттағы «Құрылтай парламенті» ұлттық қозғалысы мен «Жаңа Армения» ұйымының лидері Жирайр Сефилянды түрмеден шығаруды талап еткен.
Қақтығыс кезінде наразылар тобы құқық қорғаушылар жаққа қарай тас ата бастаған. Полицейлер бұған жауап ретінде жарық шашып, шу шығаратып гранаталарджы пайдаланып, аспанға қарай оқ атқан. Жараланып қалғандардың басым бөлігі – арнайы бағыттағы әскерилер. Тәртіпсіздік барысында 140 адам ұсталып, олардың 16-сы қамауға алынды. Жаппай тәртіпсіздік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Атап өтуіміз керек, полицейлер шерушілерді біраз жерге дейін тықсырып барған.
Еске сала кетейік, оппозиционерді жақтаушылар патруль-күзет қызметі полкінің ғимаратын 17 шілде күні басып алған болатын. Олардың шабуылы барысында бір полиция қызметкері қаза тауып, төрт полицей жарақат алып қалды. Шабуыл жасаушылар өздері басып алған ғимараттың ішінде төрт тәртіп сақшысын әлі кепілдікте ұстап отыр.
Кеше армян мәдениетінің 27 қайраткері Жирайр Сефилянға хат жазып, онда өз жақтастарын қаруларын тастап, билікке берілуге шақыруды сұрады.
Мұрат АЙТҚОЖА