22 Шілде, 2016

БҰҰ бас хатшылығына сайлауда Гутерриш көш бастап тұр

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22-07-16-OON

Португалияның бұрынғы премьер-министрі Антониу Гутерриш БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде өткен БҰҰ Бас хатшылығына сайлаудың бірінші раундында көш бастап келеді. Interfax.ru ақпарына қарағанда, қазір БҰҰ –ның босқындар жөніндегі жоғарғы өкілі Антониу Гутерриш осы дауыс беруде Словенияның бұрынғы президенті Данило Турктен аздаған артықшылықпен басып озған. Жаңа Бас хатшыны БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері сайлайды. Бұл мәселе бойынша дауыс беру бейсенбі күні жүргізілді. Ол жабық есік жағдайында бірнеше ай бойы жүретін болады. БҰҰ Бас хатшысы лауазымына қазір алты ер кісі мен бір әйел таласып жатыр. Олар қазіргі Бас хатшы Пан Ги Мунды алмастырады. Бұрын бұл қызметті ешқашан әйел адам атқармаған екен. Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелері (Ресей, АҚШ, Франция, Ұлыбритания және Қытай) әрбір кандидатураға вето қоя алады. Сонымен бірге, Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері өз елінің шыққан үміткерге дауыс бере алмайды. Түпкілікті таңдауды БҰҰ Бас Ассамблеясы жасайды. Мұрат АЙТҚОЖА