Фото: kommersant.ru[/caption]
Бразилияда лаңкестік шабуыл жасауға ниеттенген 10 адам қамауға алынды. Мәліметтерге қарағанда, полиция қызметкерлері оларды ДАИШ экстремистік ұйымымен байланысы бар деп күдіктенген екен. Ал rbc.ru ақпарына сәйкес, әділет министрі Алешандри Мораесаның айтуынша, тұтқынға түскендер қанды әрекеттерін Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада кезінде жүзеге асырмақ болған.
Associated Press арнайы операция кезінде 12 адамның қолға түскенін хабарлады. Осыған байланысты мемлекет президентінің міндетін атқарушы Мишел Темер шұғыл түрде министрлер кабинетінің отырысын өткізді. Күдіктілерді ұстауға байланысты операция жұмыстары тоғыз штатта жүргізілді.
Террорлық шабуылдарын іске асыру үшін атышулы экстремистік топтармен байланыс орнатуға тырысқан. Полиция қызметкерлері оларды негізінен оңтүстіктегі Парана штатында қолға түсірді. Аталған штаттың соты тұтқынға алынғандар қару-жарақ асынып, «партизан әдісін» қолданбақ болған деген мәлімдеме жасады.
Жақында Латын Америкасында өздерін «Ансар аль-Халифат Бразилия» деп атаған алғашқы радикалды ұйымның шыққаны хабарланған болатын.
Бразилияның қорғаныс министрі Ниццадағы жағдайдан кейін Олимпиада кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қатаң шаралар қабылданатынына уәде берген. Тәртіп сақшылары әсіресе, өзін-өзі жарып жіберетін жанкештілерден қауіптенеді. expert.ru мәліметінде осыған байланысты 85 мың әскер жұмылдырылатыны айтылған. Бұл 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиададан екі есе көп.
Аян ӘБДУӘЛИ
• 22 Шілде, 2016
Бразилияда лаңкестік шабуыл жасамақ болғандар қолға түсті

Ауа райы • Бүгін, 17:55
Жасөспірімдер арасындағы бала туу деңгейі неге жоғары?
Қоғам • Бүгін, 17:28
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Бүгін, 16:58
Министрлік «Қыз Жібек» фильмінің реквизиттеріне қатысты мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 16:42
Жемқорлықпен күрес: Алты жылда 1 000-нан астам шенеунік сотты болды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржыны бесінші медальмен толықты
Спорт • Бүгін, 15:59
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Бүгін, 15:35
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Бүгін, 14:06
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48