Көлкілдеген көшелер өскемендіктерге Венецияны еске салды
Соңғы күндері өр Алтайдың асқақ шыңдарын жиі бүркеп алатын көкшулан бұлттар шығысқазақстандық тұрғындардың жазғы демалысын ойдағыдай өткізуіне мүмкіндік бермеуде. Әлбетте, табиғаттың жаратылысына мойынұсынбасқа лажымыз жоқ. Десе де, қала инфрақұрылымының қолайсыздық тудыруы жергілікті әкімдіктің әрекетсіздігінен бе деген ойға қалдырады. Айталық, газетімізде «Нөсер нөпірі» (8 шілде, 2016 жыл) атты мақаламызда қалың жауған жауыннан көшені көлкілдеген су алғандықтан кәріз жүйелерінің жұмысында кінәрат барлығын жазған едік. Алайда, жөнделген немесе тазаланған арық жоқтығы тағы белгілі болды. Бұрнағы күні түс әлетінде бір сағатқа жетер-жетпес жауын-шашында облыс орталығының көшелеріндегі көліктер көрген жанға жүзіп жүргендей әсер қалдырды. Бейнебір Өскеменде емес Венецияда жүргендейміз, деседі тұрғындар.
Атап айтқанда, толассыз жаңбырдан Жаңа Согра, Мирный кенті, қаладағы Тәуелсіздік даңғылы мен Михаэлис көшесі және басқа да жерлерді су басты. Тәуелсіздік даңғылында көлік кептелісі орын алды. Осында келе жатқан біз тізеден су кешкен тұрғындарға, белуарынан малтығып жан-жағына су шаша қозғалған көліктерге куә болдық. Жеке секторлардағы үйлердің іргетасына көтерілген су жертөлелерге де құйылды.
Қалалық төтенше жағдай басқармасы Аврора көшесінің тұрғыны көмек сұрағанын, ауласындағы 65 сантиметрлік биіктікке көтерілген суды сорғызып алғанын айтады. Ал көшедегі судың деңгейі 85 сантиметрге дейін көтерілген болатын. Жалпы, құтқарушылар жеке үйлер иелерінің табиғаттың тосын райына кез келген уақытта дайын болуын, суағар арықтар жасап, құм толтырылған қаптарды әзірлеп қою қажеттігін жеткізді. Ал біздің қос нөсерден түйген ойымыз – қала билігі көше жиектеріндегі арықтар мен кәріз жүйелерін жедел жаңғыртуды қолға алуы тиіс.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан»
ӨСКЕМЕН

Жасөспірімдер арасындағы бала туу деңгейі неге жоғары?
Қоғам • Бүгін, 17:28
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Бүгін, 16:58
Министрлік «Қыз Жібек» фильмінің реквизиттеріне қатысты мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 16:42
Жемқорлықпен күрес: Алты жылда 1 000-нан астам шенеунік сотты болды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржыны бесінші медальмен толықты
Спорт • Бүгін, 15:59
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Бүгін, 15:35
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Бүгін, 14:06
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48
Түркияда мектепке шабуыл жасамақ болған топ ұсталды
Әлем • Бүгін, 12:32