22 Шілде, 2016

Төтенше Түркия

305 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Турция-9 Жүзеге аспай қалған төңкеріс әрекетінен кейін Түркия билігі Ұлттық Қауіпсіздік кеңесінің бес сағатқа созылған жиынын өткізіп, үш айға төтенше жағдай жариялау жөнінде тоқтамға келді. Түркия президенті Тайип Ердоғанның айтуынша, елдің конс­титуциясына сәйкес ен­гізіл­ген төтенше жағ­дай үкі­метке шешімдерді барын­ша шұғыл қабылдап, тез әрекет етуге, осылайша елдегі жағдай­ды бейбіт арнасына салуға мүм­кіндік береді. Осы­ған орай үкіметтегілер егер елдегі ахуал ойлағаннан тезі­рек ты­нышталып жатса, төтен­ше жағ­дай бір жарым-екі айдан ас­пай алынып тасталуы да мүм­кін екенін түсіндіріп жатыр. Со­ны­­мен қатар, төтен­ше жағдай ке­зін­­де адам құқық­тарының сақ­та­­ла­­ты­­нына кепіл­­діктер беріп отыр. Түркия Президенті Тайип Ердоған «Әл-Жазира» теле­­ар­насына берген сұх­батын­д­а, өзі­не бүлік туралы ақпарат жеткен бетте, бірден халық­ты елдегі демо­кра­тия­лық құн­дылықтарды қолд­ау­ға үнде­генін айтты. «Менің үн­­деуі­ме мың­даған түр­кия­­лық­­тар үн қо­сып, еліміз­дегі еркін­дікті қор­­ғап қалды» деді ол сұхбат барысында. Сонымен қатар, ол төңкеріс жасау әрекетіне тергеу-тексеру жұмыстары аяқталмағанын, яғни әлі де қамауға алу мен түрлі жазалар қолдану болуы мүмкін екенін ескертті. Әлемдік ақпарат көздерінің хабарлауынша, әскери төң­керіс жасау әрекетіне қатысы бар деген күдікпен 60 мың­нан астам адам әртүрлі деңгей­дегі жазалар­ға тартылған. Қақ­ты­ғыстар кезін­де қайтыс болған­дар­дың саны 230-дан асқан. Түркияда төтенше жағдай жария­ланған соң бірінші болып БҰҰ мәлімдеме жасады. БҰҰ Бас хатшысының орын­ба­сары Фархан Хақ арна­йы өткен баспасөз мәсли­хатын­да БҰҰ Түр­кияға қол­дау көр­сету­ді жал­ғастыра бере­тінін айтты. Ол Түркиядағы жағдайдың жіті бақыланып отырғанын, Премьер-Министр Бинали Йыл­дырымның «құқықтың үстем­дігін сақтау» тура­лы мәлім­де­месінен хабардар еке­нін және айтыл­ған сөздер мен іс жү­зін­дегі шара­лардың бір-біріне сәйкес болатынына үміттенетінін білдірді. БҰҰ Бас хатшысының орын­басары сондай-ақ, Түр­кия­­­да демократия мен конс­­ти­­ту­циялық принцип­тер­дің сақталуының маңызды­лы­ғы­на тоқталды. Елдегі ең ірі бұқаралық ақ­па­рат құралдарының бірі сана­ла­тын TRT арнасы Түр­кияның Жо­ғары білім беру жөніндегі кеңе­сі барлық жоғары оқу орын­дары­ның оқытушыларына шетел­ге шы­ғуына уақытша ты­йым сал­ған­ын хабарлады. Бұл да бүлік­ке қа­тысы барлардың із суы­тып ке­туіне жол бермеу мақ­сатында қол­ға алынып отыр­­­ған шара екені белгілі. Бет қатталып жатқанда: Би-Би-Си агенттігінің хабарлауынша, әскери тікұшақпен Грекияға қа­шып үлгерген сегіз түрік әскерінің шекарадан заң­сыз өткені үшін үш айға қамау­ға алынғаны белгілі болды. Түр­кия билігі оларды экстради­ция­­лау­ды талап етіп отыр. Бесбоғда АЛТАЙ