Көшеде кетіп бара жатып, құрбыммен жолығып қалдым. Амандықтан кейін: «Осы жігіттерге не көрінген? Әпкемнің баласының бір жасқа толу қуанышына бармақ болып, шашымды аздап ретке келтіре қояйын деп жол-жөнекей «Артем» базарының арт жағындағы жағалай орналасқан көп шаштараздың біріне кіре салған едім. Негізінде, мұндай арзанқол шаштараздардың жұмысына жүгінбеймін ғой. Бірақ, қаланың орталығына барғанға уақыт тапшы болғандықтан, амалсыздан солардың біреуіне бас сұқтым. Ұзын бөлменің ішінде қаз-қатар үш орындық орналасыпты. Үш жігіт отыр. «Кіріңіз!» – деп қиылды арасындағы алпамсадай біреуі. Оның сөзіне онша мән бермедім. Ойым, шаш үлгісін жасайтын қызда еді. Алайда, ол жерден ондай қыз көріне қоймады.
– Қандай қызмет керек? – деді екінші орындықта отырған шашын сарыға бояған жігіт.
– Шаш бұйралайтын қыз жоқ па? – дедім.
– Бұйралаймыз ғой, кіріңіз! – деді үшіншісі.
Бұл олардың қалжыңы шығар деп ойлап, еріксіз жымиып шығып кеттім. Әйелдердің шашын әрлеу ер адамдардікіне қарағанда әлдеқайда қиын ғой. Келесі шаштаразға беттедім, онда да кілең жігіттер екен. Үшіншісінің есігін ашып едім, екі бойжеткенді кезіктірдім. Дереу шашымды ретке келтіріп алғаннан кейін, сол қатарда орналасқан салондарға жағалай көз жүгіртіп өттім. Тең жартысында жігіттер қайшыларын жарқылдатып, «шаш сәндеудің неше түрлі үлгісін ұсынамыз» деп тұрғандай. Бұрын-соңды мұндай тосын жаймен бетпе-бет келмеген едім. Сонда қалай, ерлер ақша табудың мейлінше жеңіл жолын таңдап кеткен бе?» – деді таңданысын жасыра алмай.
Құрбымның айтуынша, ондағы жігіттердің басым көбі өз жұмысын сапалы істей алмайтын да сияқты. Бұл кәсіпке маманданудың арнайы курсынан өтпей-ақ, әркімнен бір-екі рет көргені бойынша шаш қия беретін көрінеді.
Бұл жағдай шынымен де адамды сәл де болса ойландырады екен. Үлкен сауда орталықтарында өзге ұлт жігіттерінің осындай жеңіл кәсіппен көп шұғылданатынын байқайтынбыз, бірақ соншалықты мән бермейтін едік. Алайда, бір көшенің бойындағы шаштараздарда еңбек ететіндердің тең жартысының өзіміздің қазақ жігіттері болғаны көзге оғаштау көрінетіні шындық.
Қазақтың менталитетінде ерлер тек сырттың жұмысымен ғана айналысады деген қағида санамызға әбден сіңген. Ер мен нәзік жандылардың өздеріне сай келетін міндеттері де айқын болатын. Әрине, ер адамдар атқаратын жұмыстардың да ауыр-жеңілі болады. Бірақ, кейбір жеңіл жұмыстардың көбі шынайы өнер мен нағыз қарым-қабілетті қажет ететіндіктен, көбінің ондай кәсіптерге батылы бара бермейді. Мәселен, дизайнерлік жұмыстардың көбі компьютердің ұңғыл-шұңғылын жетік меңгерген азаматтардың ғана қолынан келеді. Оңай ақша табу үшін келсін-келмесін шаштараз болғысы келетін жаңағыдай жігіттер туралы әңгіме тіптен бөлек. Бұрынырықта мұндай кәсіппен шұғылданбақ түгілі, ондай әңгіме шықса, ер-азаматтар қалай қарар екен? Бәлкім, қысылатын шығар деп те ойлайсың.
Осындайда белгілі жазушы-драматург Дулат Исабековтің: «...Күн көрудің жолында жастарымыз алаяқ болып алған. Қазақтың оқу қуған емес, күзетші жігіттері қаптап кетті. Кейде ойлаймын, қазақтың жанын күзетшілік сақтап отыр ма деп. Жұмыссыз жігіттердің бәрі – күзетші...», – деп айтқаны еске түседі. Сол күзетші жігіттердің қатарын бүгінде шаштараз жігіттердің толықтырғаны жөнінде әңгіме қозғалса, жазушы ағамыз не дер екен?
Өмір – талас-тартыс. Күнкөріс үшін жанталасқан оларды да түсінуге тырысасың. Бірақ, сонда да...
Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
АСТАНА

Бибісара Асаубаева көш басына шықты
Шахмат • Бүгін, 19:58
Ерлан Қошанов 155 елден келген әріптестеріне жаңа Конституция туралы айтып берді
Парламент • Бүгін, 19:36
45 қалада кәріз жүйесін салу және жаңарту жұмыстары жүргізіледі
Аймақтар • Бүгін, 19:10
Балуандарымыз Бішкектегі Азия чемпионатында жеті жүлде алды
Күрес • Бүгін, 18:58
Алаяқтықтың алдын алу: Ұстаздар арасында арнайы акция ұйымдастырылды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:42
Түйткілі көп газ мәселесі: Нысандарда қауіпсіздік ережелері неге сақталмайды?
Қоғам • Бүгін, 18:08
Цирфлық сервис: Депутат «тәуелсіз қызметкер» мәртебесін бекітуді ұсынды
Парламент • Бүгін, 18:02
Мемлекет басшысы Түркияға жұмыс сапарымен барады
Президент • Бүгін, 17:30
Еліміздің энергетикалық нысандарында ауқымды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр
Энергетика • Бүгін, 17:22
Сақ болыңыз: Алаяқтар медицина қызметкері ретінде хабарласа бастады
Қылмыс • Бүгін, 17:07
Жәнібек Әлімханұлы P4P рейтингінде үздік бестікке енді
Бокс • Бүгін, 16:59
Қазақстандағы жүйелі реформалар Вашингтонда таныстырылды
Саясат • Бүгін, 16:46
Теміртаудың бірнеше шағын ауданында көп жылдан бері алғаш рет жылыту маусымы апатсыз өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:38
Шымкент базарларында жалған «Coca-Cola» сусындары сатылған: Компания шағым түсірді
Оқиға • Бүгін, 16:28