22 Шілде, 2016

«Тур де Франс»: фоторепортаж

326 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
[caption id="attachment_52637" align="aligncenter" width="700"]22.07.2016 AST-19 eurosport.ru[/caption] Осы күндері Францияда «Тур де Франс» көпкүндігі өтіп жатыр. Оған «Астана» велокомандасы да қатысуда. Бүгін осы жарыста жүрген әріптесіміз Дина Ысқақованың egemen.kz сайтына қазақстандық команданың көпкүндіктің келесі кезеңіне дайындығы, «Тур де Франс» велобәйгесінің тыныс-тіршілігін көрсететін фоторепортажын ұсынамыз. 22.07.2016 AST-1-1 «Тур де Франс» көпкүндігінің 18-ші кезеңі Рона Альпы аймағында орналасқан Салланш қалашығында басталды. 22.07.2016 AST-1-2 17 шақырымға созылған таулы жеке есеп сыны Монблан, Аравис, Фосини тауларының етегінде жатқан Межев қаласында аяқталды. 22.07.2016 AST-1-3 «Астана» шабандоздарынан сөреге бірінші болып Алексей Луценко шықты. Олимпиадаға дайындықты ТДФ-тан бастаған Алексейдің келесі жарысы – «Сан Себастьян» велобәйгесі. 22.07.2016 AST-4 Astana Pro Team  бас менеджері Александр Винокуров пен спорттық менеджер Дмитрий Фофонов Танел Кангертке кеңес беріп жатқан сәт. Дмитрий Фофонов кезең алдында велосипедіне мініп,  жарыс жолын өзі көріп қайтқан болатын. Сондықтан оның шабандоздарға айтар ақылы-кеңесі көп. 22.07.2016 AST-5 «Астана» шабандоздары сөреге шығар алдында дене қыздыру жаттығуларын өткізуде. 22.07.2016 AST-6 Команда тұрағына Винченцо Нибали келді. 22.07.2016 AST-7 Фабио Ару мен Винченцо Нибалидің жанкүйерлері белсенді. 22.07.2016 AST-8 22.07.2016 AST-10 Команда капитаны Фабио Ару. 22.07.2016 AST-9 Сөреге шығатын спортшылардың велосипедтерінің дайын болуына команда механиктері жауапты. 22.07.2016 AST-11 Команданың спорттық директоры Джузеппе Мартинелли Фабио Аруға кезең алдында бүгінгі жолдың ерекшеліктерін түсідіріп жатыр. Команда жаттықтырушылары Фабио Арудың алдағы екі таулы кезеңде жалпы есепте үштікке енуге мүмкіндігін жоғары бағалауда. 22.07.2016 AST-12 Фабио Аруды қолдауға келген інісі. 22.07.2016 AST-13 Команданың спорттық менеджері Дмитрий Фофонов ақпарат құралдарына берген сұхбатында  Фабио Арудың бүгінгі нәтижесіне бас бармақпен бағасын берді. «Көпкүндіктердің үшінші аптасына қарай бабына келетін шабандоз алдағы таулы кезеңдерде үздік үштікке енуге мүмкіндігі зор», дейді ол. 22.07.2016 AST-14 Команда капитаны Фабио Ару: «Крис Фрум мықты шабандоз. Бірақ мен уақыт айырмашылығын қысқартуға және команда басшылары қойған тапсырманы орындауға барымды саламын. Қазіргі бабымды өте жақсы бағалаймын. Жарыс нәтижесін соңғы екі таулы кезеңде анықтаймыз», деді ол. 22.07.2016 AST-15 22.07.2016 AST-18 22.07.2016 AST-17 Жарыс аяқталысымен команда механиктері велосипедтерді келесі кезеңге дайындау шаруасына кірісіп кетті. Дастан КЕНЖАЛИН Фото: Дина ЫСҚАҚОВА