23 Шілде, 2016

Заңнан аттағандар жазаланбай қалмайды

291 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
23-07-prokuratura Егер прокуратура органдары міндетіне сай қызмет атқармаса не болар еді деген ой келеді. Өйткені, елімізде қазіргі күні сыбайлас жемқорлық, адам өлтіру, зорлық-зомбылық, алаяқтық өршіп тұр ғой. «Сақтансаң – сақтайды» деген­дей, бұл орайда, адамға төн­ген бар­лық келеңсіздіктен заң­ның сақталуын қадағалау арқы­лы прокура­тура органдары ғана қара­пайым халық­қа қорған болып тұрған секілді. Себебі, Конс­ти­туциямыз бойынша, алдымен адамның құқы жете қор­ғалуы керек. Осы орайда, жасы­ратын несі бар, прокурорлар ең­бегін ашық айтқан жөн. Оған мына төмендегі сандар нақты дәлел. Мәселен, әлеуметтік-эко­ном­ика­­л­ық салада прокурор­лар биылғы жартыжылдық­та ғана 360 мың адамның құқықтарын қорғаған, олардың жартысы – балалар. Қадағалау органдарының ықпал етуімен 40 мың жұмысшы мер­зімі өтіп кеткен 4 млрд. теңге жалақы­ларын алған. 2,5 мың мүге­дек жұмысқа орналас­тырылып, 154 мүгедек мемлекеттік баспана алған. Бұған қоса, Ұлттық қорға 12 млрд. теңге қайтарылып, рес­пуб­ликалық бюджет 45 млрд. теңгеге толық­тырылған. Жалпы құны 14 млрд. теңгені құрайтын заңсыз бөлінген жер телімдері мем­лекетке қай­тарыл­ған. Мұның бәрі кеше Бас прокурор Жақып Асановтың төр­ағалығымен өт­кен кеңейтілген алқа мәжілісінде айтылды. Жалпы, прокуратура орган­дары азаматтардың, халықтың әлеу­­мет­тік әлсіз топтарының және кәсіп­керлердің бұзылған құқық­тарын қалпына келтіруде, еліміз­дегі заңдылық пен құқықтық тәр­тіпті қамтамасыз етуде және әлеуметтік-эконо­микалық тұрақ­тылықты қол­дауға бағытталған Мемлекет бас­­шысының тапсыр­маларын орындауда айтарлықтай қызмет етіп келе жатқаны анық. Мұның растығын айқын аңғарып отыр­мыз. Мәселен, про­курорлар ар­а­лас­қаннан кейін ғана ішкі істер органдарының қызметтік бөлмелерінен және уақытша ұстау абақтыларынан 205 заң­сыз ұсталған азамат бос­тан­­дық­қа шығарылды. Тергеу­ші­лер қамауға алғылары келген 2 мың күдікті дер уақытында боса­тылып үлгерілді. Прокурорлардың на­ра­зы­­­лық­тары бойынша 182 сот­­та­л­­ған жеңіл жаза алды. Тұтас­тай алған­да прокурорлардың баста­ма­л­ары бойынша 698 сот актілері түзе­тіл­ген. Азаматтардың пайда­сына 1 млрд. 700 млн. теңгені құрай­­тын сот шешімдерінің орын­далуы­на қол жеткізілген. Бұған қоса, 14 мың азаматтың құқықтары қалпына келтіріліп, осы заң бұзу­шылықтар бойынша бірнеше лауазым­ды шенеунік жазаланды, соның ішінде 209 адам қылмыстық жауап­­кершілікке тартылды. Осылайша, алқада жер қаты­нас­тарын реттеу, еңбек дау­­ларын ескерту, үлескерлер құқық­тарын қорғау, теріс пиғылды құры­лыс­шылардың қызметіне бақы­лау­ды күшейту мәселелері про­курор­лардың ерекше назарын талап ететін неғұрлым өзекті про­б­лемалар ретінде белгіленді. Сон­дай-ақ, экстремистік көрініс­тердің алдын алуға, терроризм қаупін, олардың қоғам мен мем­лекетке тигізетін теріс әсер­­лерін азайтуға бағытталған жүйе­лі жұ­мысты қамтамасыз ету жүк­­телді. Сөйтіп, прокурорлар одан әрі де адам құқын қорғауда жай­лаған заң­сыздықтарды жою үшін адал қызмет етуге белді бекем бай­ла­ған­дарын білдірді. Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»