Астана әкімдігі азық-түлік бағаларының өсуіне жол бермеу бойынша шаралар қолданады
Кеше қала әкімі Әсет Исекешевтің төрағалығымен азық-түлік бағасын тұрақтандыру мәселелерін талқылау бойынша кеңес өтті. Оған қалалық өкілетті органдардың, статистика департаментінің, ҰЭМ табиғи монополиялар және бәсекелестікті қорғау комитетінің, «Қазагромаркетинг» АҚ өкілдері, сондай-ақ, елорданың ірі кәсіпорындарының басшылары қатысты. Кеңес барысында Мемлекет басшысының елордада азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындауға бағытталған шаралар талқыланды.
Елорда әкімі әлеуметтік-маңызды тауарлардың, соның ішінде нан, жарма және қанттың бағасын ұстап қалуға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берді. Күн сайын ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін өткізу және сауда орындарының санын кеңейту, автодүкендер ашу туралы шешім қабылданды. Осыған байланысты Қазақстанның өңірлерімен ауыл шаруашылық өнімдерін тікелей елордаға жеткізу туралы келісімге қол жеткізілді. Осы мақсатта қала басшысы азық-түлік тасымалдаушы көліктерге «жасыл дәлізді» қамтамасыз етуге тапсырма берді.
Сонымен қатар, жәрмеңкеде сатылатын өнімдер ассортименті де кеңейтілмек, енді май, шай, жармалар және басқа азық-түлік тауарлары сатылады. Ет және сүт өнімдерін тексеруге арналған мобильді зертханалар орнатылады. Осыған байланысты айта кететін мәселе, қалалық әкімдіктің өкілдері жәрмеңкелерде өнімдер бағасына ұдайы бақылау жүргізеді. Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополиялар және бәсекелестікті қорғау комитеті бағаларға тұрақты түрде мониторинг жүргізетін болады.
Осы өзекті мәселе бойынша қабылданатын шараларды үйлестіру үшін Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукиннің жетекшілігімен жедел штаб құрылды. Елордада азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қала басшысының жеке бақылауына алынды.

Жасөспірімдер денсаулығына – елдік көзқарас
Қоғам • Бүгін, 08:15
Германия ядролық энергетикаға орала ма?
Әлем • Бүгін, 08:10
Ажырасу тәртібін қатаңдату қажет
Қоғам • Бүгін, 08:05
Қоғам • Бүгін, 08:00
Көрме • Бүгін, 07:55
Транзит әлеуетін арттыру мүмкіндігі
Саясат • Бүгін, 07:50
Қазақстан тарихының бесінші томы мақұлданды
Саясат • Бүгін, 07:48
Парламентаралық әріптестікті нығайтуға мүдделі
Саясат • Бүгін, 07:45
Каспий теңізінде бір түнде үш жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Кеше
Блогер Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталды
Оқиға • Кеше
Шерхан Талап жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Астанада «Нұр шашу» халықаралық көрмесі ашылды
Мәдениет • Кеше
Еліміздің байланыс нарығы 380 млрд теңгеге жетті
Қоғам • Кеше