Фото: newinform.com[/caption]
Ауғанстанда сенбі күні лаңкестік шабуылдан қаза тапқандарды еске алу үшін 24 шілде ұлттық аза тұту күні болып жарияланды. «Интерфакс» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, ел президенті Ашраф Гани жарылыс ұйымдастырғандардың кім екенін жақын арада тауып, тиісті жазаларын беруге уәде етті.
Ал Біріккен Ұлттар Ұйымы бұл істі «әскери қылмыс» деп атады.
«Баласынан айрылған әке-шешенің, жақындарынан қапыда қалған туған-туыстарының жай-күйі менің жаныма қатты батып отыр. Осыған байланысты, оларды еске алу үшін 24 шілде ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Лаңкестерді қолға түсіріп, міндетті түрде жазалаймыз. Бізге жасаған әрбір шабуылы арқылы арамызға іріткі салғылары келеді. Бірақ көп ұзамай олар жеңілетін болады», – деді Ашраф Гани.
Айта кетейік, 23 шілдеде мыңдаған тұрғындар Дех Мазанг алаңында Бамиан провинциясын электрмен жабдықтау жұмысын кейінге қалдырғаны үшін наразылықтарын білдірген болатын. Дәл осы кезде жанкештілердің бірі өзін-өзі жарып жіберген. Салдарынан 80 адам қаза тауып, 231 тұрғын түрлі деңгейде жарақат алды. Олардың арасында күштік құрылым өкілдері де бар.
Артынша қанды әрекетті ДАИШ лаңкестік тобының содырлары өз мойнына алғаны белгілі болды.
Аян ӘБДУӘЛИ

Астанада «Ойыншықтар хикаясы 5» анимациялық фильмінің жабық көрсетілімі өтті
Қоғам • Бүгін, 13:44
Жанабыловтерден тәркіленген 8 автокөлік сатылымға шығарылды
Оқиға • Бүгін, 13:27
Қазақстан мен Черногория президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 13:12
Алматыда ер адам 11 қабатты үйдің терезесінен секіріп, көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 12:56
Димаш Құдайберген «Алтын белгі» иегеріне ерекше сыйлық жасады
Білім • Бүгін, 12:43
Қазақстандағы орташа жалақы деңгейі қандай?
Қаржы • Бүгін, 12:32
Мемлекет басшысы Черногория президентін қарсы алды
Президент • Бүгін, 12:28
Шығыс Қазақстанда танысын 3 жыл бойы бопсалаған күдікті ұсталды
Оқиға • Бүгін, 12:17
Әлем кубогі: Санжар Тәшкенбай жартылай финалға жолдама алды
Бокс • Бүгін, 12:11
Ұландықтар Геннадий Головкинді ерекше форматта құттықтады
Қоғам • Бүгін, 11:58
Университеттерге құжат қабылдау қашан басталады?
Университет • Бүгін, 11:55
1-сыныпқа қабылдау: Ата-аналар тұрақты тіркеу талап етілетініне шағымданды
Қоғам • Бүгін, 11:44
Алматыда 400-ден аса заңсыз сауда нысаны сүрілді
Сауда • Бүгін, 11:40
Миллениал ата-ана, зумер бала: Қалай тіл табысамыз?
Қоғам • Бүгін, 11:30