Атырау облысында 1400 сиыр белгісіз ауруға шалдыққан
Атыраудағы шалғай әрі көршілес Ресеймен қоңсы ауданның бірі – Құрманғазы. Дәл қазір осы ауданда 1400-дей сиыр әзірге атауы белгісіз індетке шалдығып тұр. Бұл ауру неден шығуы мүмкін? Осыған байланысты нендей шара қолға алынды? Біз аталған деректі анықтау және сауалдарымызға жауап алу мақсатымен Құрманғазы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Әлімбай Абдрахманға хабарласқан едік. Алайда, ол нақты мәліметті Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Атырау облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Сұлухия Бисеновадан алуымыз қажеттігін ескертті. Басшы орынбасарымен телефон арқылы сөйлестік.
– Құрманғазы ауданында жеке иеліктегі сиырлардан ауру белгілері 30 маусымда белгілі бола бастаған. Алайда, малдары ауырған тұрғындар жергілікті ветеринарларға 4 шілдеде ғана хабарлаған, – деп түсінік берді Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Атырау облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Сұлухия Бисенова. – Біз мал ауруы туралы сол күні Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетін хабардар еттік. 5 шілдеде комитеттен және ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталықтың өкілдері келді. Ауру малдардан арнайы сынамалар алынды. Әзірге мал ауруының нақты диагнозы қойылған жоқ.
– Ауырған малдан қандай белгілер байқалды?
– Сиыр терісінің астында түйіншектер пайда болып, без өскен. Малдың қызуы да көтеріліп, мұрнынан сілекей аққан. Шөп жемей, қоңы күрт төмендеген.
– Ауру қай округтерде анықталды?
– Алдымен Мақаш, Еңбекші, Орлы, Нұржау ауылдық округтеріндегі жеке иеліктегі сиырлардан шыққаны белгілі болды. Сонымен бірге, «Құбашев» шаруа қожалығының малы да ауруға шалдықты.
– Мал шығыны бар ма?
– Бар. Қазір 40-қа жуық сиыр өлді.
– Емдеу шаралары қолға алынды ма?
– Әрине, қазір ауырған сиырларға арнайы вакцина салынып жатыр. Ауруға шалдыққан малдың ішінен 274-і жазылып, өріске шығып кетті.
– Бұл аурудың неден болуы мүмкін?
– Әзірге неден екенін тап басып айту қиын. Бұл – вирустық ауру, бәлкім, бұл көрші елден түрлі қансорғыш жәндіктердің ұшып келуі арқылы жұғуы мүмкін...
Құрманғазы ауданындағы мүйізді ірі қараның белгісіз дертке шалдығуы туралы деректер осындай. Аудан әкімі Бибоз Шаяхметовтің айтуынша, ауруға шалдыққан сиырларды емдеу үшін бюджеттен 1 миллион 930 мың теңге бөлініп, вакцина салу қолға алынған.
Қалай дегенмен де, тұрғындар мал ауруының диагнозы тезірек анықталғанын қалап отыр.
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,
«Егемен Қазақстан»
Атырау облысы

Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Бүгін, 18:35
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:20
Президент Air Products бас атқарушы директоры Эдуардо Менезеспен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 18:05
Файзуллаев жасындай жарқылдады
Футбол • Бүгін, 18:00
Глуховка ауылының маңындағы өрт «Семей орманы» резерватына қауіп төндірді
Оқиға • Бүгін, 17:59
АҚШ-та ұсталған қазақ жігіті кепілмен босатылды
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада жаяу жүргіншілер жолымен жүрген жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 17:37
Министр сәбиімен бірге курьер болып жүрген әйелге қатысты пікір білдірді
Оқиға • Бүгін, 17:27
Михаил Шайдоровқа 250 мың доллар көлемінде сыйақы тағайындалды
Спорт • Бүгін, 16:58
Астанада азық-түлікті тиімді бағада қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:54
Алматыдағы Саин көшесінде автобус жолағы пайда болады
Алматы • Бүгін, 16:49
ChatGPT мен AliExpress компаниялары Қазақстан бюджетіне салық төледі
Экономика • Бүгін, 16:26
«Грантқа түсіремін»: Астанада 111 адамды алдаған алаяқ сотталды
Оқиға • Бүгін, 15:55
Қарағандыда 16 жастағы жасөспірім суға батып кетті
Оқиға • Бүгін, 15:47