26 Шілде, 2016

Бокс. Олимпиадаға дайындық жалғасып жатыр (фото)

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
26.07.2016 AST-7 Бүгін Астанадағы Бокс орталығында Қазақстан ұлттық құрама командасы мен Колумбия, АҚШ, Мексика және Доминикан Республикасының боксшыларының арасында спарринг кездесулер өтті. Осы жекпе-жектер туралы еліміздің ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов egemen.kz сайтына өз ойларымен бөлісті. Бас жаттықтырушы команданың оқу-жаттығу жиыны жоспарлы түрде болып жатқанын, енді Олимпиадаға дайындық Рио-де-Жанейро қаласында жалғасатынын айтты. -Оқу-жаттығу жиыны жақсы өтіп жатыр. Бұл біздің еліміздегі Олимпиада алдындағы соңғы дайындығымыз. Қазір боксшылар жарысқа 70 пайызға дайын. Жігіттер өздеріне тиесілі тапсырмаларды орындады. Осы жаттығуларда біз өзімізге тиісті жұмыстарды бастан-аяқ жасап шықтық, – деді ол. Сонымен бірге ол ұлттық құраманың дайындығына арнайы шақырылған шетелдің боксшылары туралы да айтты. «Біздің құрамамен оқу-жаттығу жиынында спарринг кездесулер өткізу үшін  шетелдің 9 боксшысы шақырылған. Бұл боксшылар орта деңгейлі спортшылар. Олар боксшыларға көмектесіп жатыр. Шетелдіктерді Қанат Ислам әкелді. Қанаттың өзі келесі жекпе-жегіне АҚШ-та емес, Қазақстанда дайындалған жақсы деп жатыр», деді Мырзағали Айтжанов. 26.07.2016 AST-2 26.07.2016 AST-3 26.07.2016 AST-4 26.07.2016 AST-5 26.07.2016 AST-6 26.07.2016 AST-8 26.07.2016 AST-9 26.07.2016 AST-10 26.07.2016 AST-11 Дастан КЕНЖАЛИН Фото: Қазақстан бокс федерациясы