27 Шілде, 2016

Өзен бойында су тапшы...

2 мин
оқу үшін
27-07-ozen Алматы облысында су жанжалы ас­қынып тұр. Себебі, Көксу ауданында су дұрыс бөлінбегендіктен алқаптардағы жекелеген жер телімдеріне су жетпей, ағын су босқа рәсуа болуда. Сонымен қатар, аталған ауданда су құны тым жоғары – текше метрі 0,51 теңге тұрады. Ал көрші аудандарда бұл баға төмен. Су жеткізу шығындарында айырма жоқ. Сондықтан, Көксу ауданының кәсіпкері Николай Брусенский және «Қайрат» шаруа қожалығы басшысы Арғын­ғазы Сайерденов, «Үміт» САТК төрайымы Светлана Ломова «Біз жүргізіліп жатқан тариф саясатының себебін түсіне алмай отырмыз. Біздің аудан өзен бойында ор­на­ласқанымен су ақы­сын неге қымбат бағамен төлейміз? Су бөлетін кәсіп­орын арналарды су­мен толық қамтамасыз ету жөніндегі келісімшарттағы міндеттемесін неге­ орындамайды? Ауылшаруашылық дақыл­­дарына су жұмсау норма­ларын қайта қарау қажет. Біз­дің жанайқайымызды ешкім тың­дамайды, құлақ түрмейді», деп бірқатар шындықтың бетін ашып, «Қазақ су шаруашылығы» мемлекеттік кәсіпорны жұмысына наразылық танытуда. Бұл мәселені «Қазақ су шаруашы­лығы» РМК дирек­торының орынбасары Қалы­бек Құдайбергенов сулан­дыру саласында білікті мамандардың же­тіс­пеушілігін, Көксу ауда­нындағы меке­мелер баланс­қа алынбағандықтан өткен жылы бөлінген 570 000 теңге бар­лық суландыру жүйелері мен су арналарын қайта қалпына келтіруге жетпегенін айтқанымен, жиналысқа қатысу­шылар­дың көңілін көншітпеді. «Кәсіпкерлер құқығын қо­р­ғау бойынша салалық тек­серу жүргіземіз. Табиғи моно­полияларды реттеу және бәс­е­келестікті қорғау департа­мен­ті­не Көксу ауданындағы су бағасы­на қатысты тарифтік саясат­ты түсіндіру­ді талап етеміз», дейді облыстық кәсіп­керлер палатасының басшысы Л.Шыңғысбаева. Ал өзен бойында су тап­­шылығын тартып отырған жа­н­дар­ға билік қандай уәж айтар екен? Нұрбол ӘЛДІБАЕВ, «Егемен Қазақстан» Алматы облысы, Көксу ауданы
Соңғы жаңалықтар

Digital: дәуір дидары

Digital • Бүгін, 08:20

Әр операция – бір тағдыр

Маман • Бүгін, 08:15

Trade-in тұтынушыға тиімді тетік пе?

Сараптама • Бүгін, 08:10

Жасанды интеллект пен «жасыл» энергетика

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:07

Атына заты сай кәсіпорын

Өндіріс • Бүгін, 08:00