Өткен жылдың тамыз айында еркін айналымға жіберілген төл теңгеміздің бағамы соңғы үш-төрт айда 1 АҚШ долларына шаққанда 330-335 теңге көлемінде тұрақтап, үмітімізді үкілегендей еді. Алайда осы аптадағы теңге бағамының күрт құбылуы көңілді тағы күпті етті. Мәселен, Қазақстан қор биржасында (KASE) 2016 жылғы 27 шілдеде өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 352,01 теңгеге дейін шарықтап, оның алдындағы сауда күнімен салыстырғанда 4,15 теңгеге көтеріліп шыға келді.
Әрине, еркін айналымға жіберілген ұлттық валютамыздың бағамын енді рынок нарқы анықтайды. Оған мемлекет те, Ұлттық банк те тікелей әсер ете алмайды. Сарапшылардың пікірінше, мұнай экспортына тәуелді Қазақстанның ұлттық валютасының құнсыздануы әлемдік рыноктағы мұнай бағасының күрт төмендеуіне тікелей байланысты екен. Бірақ жыл басында 35 долларға дейін құлдыраған мұнай бағасы қазір біршама тұрақтанып, Brent мұнайының баррелі 49-50 АҚШ долларына дейін өсті емес пе. Сол кезде теңге бағамы неге нығайып, 280-300 долларға дейін төмендемеді?
Ендеше, бұл жерде мәселе тек әлемдік рыноктағы мұнай бағасының төмендеуіне ғана байланысты емес екен. Ұлттық валютамыздың беделіне көлеңке түсіретін басқа да себептер баршылық. Соның бірі – Қазақстан экономикасының шектен тыс долларланып кетуінде болып отырғандығы да жасырын емес. Төл теңгеміздің құлдыраған беделін қайта қалпына келтіріп, теңгені тұйықтан шығаруда Ұлттық банктің ықпалды шаралары мен батыл бастамалары керек.
Осы ретте төл теңге бағамының кезекті әлсіреуіне байланысты Ұлттық банктің ресми түсінігін келтіргеніміз жөн болар. Қазақстан Республикасы Ұлттық банк Монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары Әділ Мұхамеджановтың айтуынша, қазіргі уақытта теңгеге еркін өзгермелі айырбас бағамы режімі қолданылуда. Бұл айырбас бағамы бірқатар факторларға байланысты. Бірінші кезекте, мұнай бағасына және саудада әріптес елдер валюталарының бағамдарына қарай күнделікті әрі-бері ауытқуы мүмкін. Сонымен бірге, теңгенің бағамына нарыққа қатысушылардың әрекеті, бюджет қаражатының қозғалысы, салық төлеу кезеңдері және соңғы айлардағы – долларсыздандыру үрдісі сияқты ішкі факторлар да әсер етеді, деп атап өтті Ә.Мұхамеджанов. Ол ағымдағы жылдың шілдесінде мұнай бағасының төмендеу үрдісінің байқалғанын, мұнай өнімдері нарығындағы ұсыныс көлемінің өсуі, АҚШ-тағы мұнайдың жеткілікті қоры туралы деректердің жариялануы, сондай-ақ, АҚШ-тағы бұрғылау ұңғымалары санының ұлғаюы себеп болғандығын да атап көрсетті. Әділ Мұхамеджановтың айтуынша, жоғарыда көрсетілген факторлар 2016 жылғы 26 шілдеде Қазақстан қор биржасында теңге бағамының 350,2 деңгейге дейін әлсіреуіне себеп болған.
Ұлттық банк өкілінің теңгенің айырбас бағамының құлдырауына байланысты айтқан ресми жауабы осындай. Осы орайда ерекше атап көрсететін мәселе, әлемдік рыноктағы мұнай бағасы мен төл теңгеміздің айырбас бағамын байланыстырып, «жауырды жаба тоқудай» бергенмен ештеңе ұтпаймыз. Соңғы жылдары біршама әртараптандырылған экономикамыздың әлеуеті енді көрінуі керек. Отандық тауарға барынша басымдық беріп, «импорт» тасумен байыған саудагерлерді тежейтін уақыт жетті. Сататын тауарлары импорттан ғана тұратын «кәсіпкерлер» үшін сату салығын өсіру керек. Тауар және қызмет көрсету бағасы қарапайым халықтың табысының деңгейіне бейімделуі тиіс. Сауда бағасында ешқашан доллар бағамы болмауы керек. Сонда ғана төл теңгеміздің беделін берік етеміз.
Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

Грек-рим күресінен Бішкекте төрт жүлде алдық
Күрес • Кеше
Өскеменде жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты
Оқиға • Кеше
Павлодарда волейболдан маусым үздіктері анықталады
Аймақтар • Кеше
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Кеше
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Кеше
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Кеше
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Кеше
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Кеше
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Кеше
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Кеше
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Кеше