Шанхай ынтымақтастық ұйымында Қазақстан Республикасы төрағалығының басымдықтары талқыланды.
Осыған байланысты Бейжің қаласында Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы елшісі Шахрат Нұрышевтың Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Рашид Алимовпен кездесуі өтті.
Кездесу барысында, тараптар осы жылғы маусымда ШЫҰ саммитінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көтерген 2016-2017 жылдардағы Қазақстанның төрағалығының басымдылықтарын ілгерілету жолдарын талқылады. Ұйымдағы Қазақстанның төрағалығы аясындағы негізгі іс-шаралар бойынша егжей-тегжейлі пікір алмасу өтті.
БҰҰ Бас Ассамблеясы 71-ші сессиясының «Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымының өзара әрекет ету» қарарын дайындау және қабылдау мәселесіне ерекше назар аударылды. 2017 жылғы маусымда Астанада өткізу жоспарланған ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын жоспарлы және жүйелі дайындауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан елшілігі мен ШЫҰ Хатшылығының бірлескен іс-шаралар жоспарын дайындау және бекіту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Ш.Нұрышев сұхбаттасын ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық барысы туралы хабардар етті және алдағы іс-шараға белсенді қатысуға шақырды. Кездесу соңында ШЫҰ-ның Бас хатшысы Қазақстан төрағалығы Ұйымның қызметін айтарлықтай белсендіруге және оның халықаралық аренадағы рөлі мен орнын жоғарылатуға ықпал ететініне және Астанада алдағы ШЫҰ саммиті сәтті өтетініне сенім білдірді.
«Егемен-ақпарат»

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында қандай мәселелер қаралады?
Парламент • Бүгін, 10:54
Алматылық азамат алимент төлемдерін азайту мақсатында көлігін туысының атына рәсімдеген
Алматы • Бүгін, 10:48
Конгода Эбола індеті өршіп барады: науқастар саны 808-ге жетті
Әлем • Бүгін, 10:35
Трамп Иранмен жасалған келісімнің негізгі шарттарын жариялады
Әлем • Бүгін, 10:16
Футболдан әлем чемпионаты: Бүгін кімдер алаңға шығады?
Футбол • Бүгін, 10:11
Павлодар облысында үш жасар қызын азаптап өлтірген әке өмір бойына сотталды
Оқиға • Бүгін, 09:54
Елімізде бес айда 3 мыңнан астам есірткі қылмысы анықталды
Қылмыс • Бүгін, 09:39
Қазақстан азаматтарының жеке деректерін сатқан халықаралық топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 09:34
Telegram мессенджері уақытша бұғатталды
Әлем • Бүгін, 09:28
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:19
АҚШ президенті Ливан туралы мәлімдеме жасады
Әлем • Бүгін, 09:11
Спорт • Бүгін, 09:10
Рекорд • Бүгін, 09:05