Ел Тәуелсіздігі жылдарында республикамыздың қолжеткен жетістіктері мен табыстарына мемлекетіміздегі әр отбасының қосқан үлесі мол. Халқымыз «Отан – қуат, отбасы – шуақ» деп тегін айтпаған. Өйткені, шағын отбасылардан мемлекет құралады. Міне, Тараз қаласының төрінен ашылған «Шаңырақ» аллеясы – әр елдің, әр мемлекеттің мызғымас беріктігі әр отбасының мықтылығында екенін айғақтап тұратыны анық.
– Отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтудың 2015-2020 жылдарға арналған жалпыұлттық іс-шаралар жоспарында облыстық, қалалық елді мекендерде «Отбасы аллеясын» құру тапсырылған болатын, – дейді бұл жөнінде Тараз қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Ахаев. – Бұл – Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында жалпыұлттық іс-шаралардың жүзеге асуының көрінісі.
Жыл басынан бері Таразда 1607 отбасы шаңырақ көтеріп, 5415 сәби дүниеге келді. Болашақта жаңадан отау құрған жастар, өскелең ұрпақ осы аллеяны мәдени және рухани орынға айналдыратынына сенімім мол.
Иә, жас баланы отбасымызда отансүйгіштікке, өз халқының тілі мен салт-дәстүрін қастерлейтін ұлтжандылыққа, тарихы мен мәдениетін білуге үйреткеніміз абзал. Шындықты бүкпей айтуымыз керек, қазіргі жастар Батысқа көп еліктейді. Бірақ, әр нәрсенің өз орны бар, әр халықтың ертеден келе жатқан ата дәстүрі, жүздеген жылдар бойы қалыптасқан ұлттық мінез-құлқы, мәдениеті бар екенін естен шығаруға болмайды. Ендеше, байырғы құндылығымыздан ажырап қалмау үшін және әр отбасының беріктігі үшін осын-дай әсем аллеяның ашылып, көпшілікті ізгілік пен қамқорлыққа шақыра білу де өнегелі іс екені анық.
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан»
Жамбыл облысы
Суретті түсірген
Алтынбек ҚАРТАБАЙ

Грек-рим күресінен Бішкекте төрт жүлде алдық
Күрес • Кеше
Өскеменде жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты
Оқиға • Кеше
Павлодарда волейболдан маусым үздіктері анықталады
Аймақтар • Кеше
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Кеше
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Кеше
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Кеше
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Кеше
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Кеше
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Кеше
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Кеше
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Кеше