Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Тұңғыш Президент Н.Назарбаев атындағы саябақта Ақтөбедегі «Арбаттың» ашылуы өтті.
«Арбат» шығармашылық адамдардың – ақындар мен суретшілердің, авторлық ән орындаушыларының, шеберлер мен кітапсүйер қауымның сүйікті алаңына айналды. Бұл жерде суретшілердің, шеберлердің еңбектерін сатып алуға, портретке жедел тапсырыс беруге, шеберлік сағатына катысуға және кітап көрмелерін тамашалауға мол мүмкіндік бар.
«Арбатты» облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Қ.Айтбаев ашқаннан соң, көрермендер «Лестница» театр-лабораториясы қойған интермедияны қызыға тамашалады. Сондай-ақ, сол күні саябақта «Ашық аспан астындағы кітапхана» жұмыс істеді, онда С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап-ғылыми, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер және қалалық кітапханалардың ұйымдастыруымен түрлі тақырыптардағы көркем әдебиеттермен танысты.
Жылжымалы стеллаждарда «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы, «Оқитын өлке», «Бір ел – бір кітап» акциялары аясында жарық көрген кітаптар көрмеге қойылды. Белгілі адамдардың бос уақытты ұйымдастыру және кітап оқудың пайдасы туралы нақыл сөздері жазылған стендтер, кітапхана жұмысы туралы түрлі тақырыптардағы фотостендтер оқырман назарына ұсынылды
Облыстық кітапхана қызметкерлері кітап көрмелеріне шолулар жасады, тұрақты оқырман болуға шақырған жарнамалық буклеттерді таратып, қазақ ақындарының туындыларын мәнерлеп оқыды. Ақтөбедегі «Арбат» әр жұма, сенбі күндері кешкі уақытта ақтөбеліктердің сүйікті алаңына айналмақ.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Ақтөбе облысы

Грек-рим күресінен Бішкекте төрт жүлде алдық
Күрес • Кеше
Өскеменде жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты
Оқиға • Кеше
Павлодарда волейболдан маусым үздіктері анықталады
Аймақтар • Кеше
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Кеше
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Кеше
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Кеше
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Кеше
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Кеше
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Кеше
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Кеше
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Кеше