Шаңырақта 27 немере, 40 шөбере өркендеп өсіп келеді
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімінде облыс әкімінің орынбасары Жандос Әбішев биылғы жылғы байқауда бақ сынауға өңірдегі 255 отбасының ниет білдіріп, өтінім түсіргенін айтты. Олардың арасында түрлі ұлттың өкілдері, көп-балалы отбасылар мен кеше ғана шаңырақ көтерген жастар, неше түрлі мамандық иелері болған.
Жалпы, жеңімпаздарды анықтау барысында конкурстың қалалық және аудандық комиссиялары отбасылық дәстүр, рухани-адамгершілік құндылықтар, отбасы мүшелерінің таланты мен қол жеткізген табыстары, сонымен қатар, шаңырақтың қоғамдағы абырой-беделі сынды маңызды көрсеткіштерге баса мән берген.
Ұлттық конкурстың өңірлік кезеңінің қорытындысы бойынша жүлделі үшінші орынды Нұра ауданы атынан бақ сынаған Қапаровтардың көпбалалы отбасы мен Саран қаласынан қатысқан Жаяубаевтар отбасы өзара бөлісті. Екінші жүлдеге Қарқаралы ауданында тұратын Сыздықовтар отбасы лайықты деп саналды. Бұл шаңырақтың мүшелері шетінен музыкант, білім беру саласының үздіктері екен. Екінші және үшінші жүлдеге ие болған отбасыларды байқауды ұйымдастырушылар арнайы дипломдармен марапаттап, сыйлыққа теледидарлар табыс етті.
Ұлттық байқаудың бірінші жүлдесін Раковтардың спортшылар отбасы жеңіп алды. Бұл шаңырақта дзюдо күресі бойынша Қазақстан және әлем чемпиондары бар. Осы отбасынан шыққан әлем чемпионы Максим Раков қазіргі уақытта Рио-де-Жанейро қаласында өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына қызу дайындалып жатыр.
Ал облыстық «Мерейлі отбасы» сынының бас жүлдесі Жезқазған қаласының жұлдызы жанған шаңырағы – Мейрамовтар әулетіне бұйырды. Мейрамовтар үш буынында металлург мамандығына қатысы бар әулет екен. Олардың жалпы еңбек өтілі 440 жылды құрайды!
Шаңырақтың тірегі мен негізін қалаушы Оразалы Мейрамұлы – КСРО-ның Құрметті металлургі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ленин және Еңбек Қызыл Ту ордендерінің иегері, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы. Отағасы өзінің еңбек жолын Қарсақбай кенішінде бастаған екен. Одан кейін Жезқазғанға ауысып, мыс құю зауытының домна пешінде 36 жыл, зейнет демалысына шыққанға дейін үздіксіз еңбек еткен. Қазіргі таңда ақсақалдың жасы 80-нен асқан. Әлі тың, қалалық іс шараларға қатысып, мектептерде өтіп тұратын кездесулердің құрметті қонағы болып тұрады. Ақсақалдың зайыбы Есенкүл Ибрагимқызы болса, «Алтын алқа» төсбелгісінің иегері, тоғыз баланы тәрбиелеп өсірген ардақты ана. Бұл кісі де металлургия саласында, күкірт-қышқыл цехында 30 жылдан астам жұмыс істепті.
Бүгінгі таңда бұл отбасының ересек мүшелерінің түгелге дерлігі металлургия саласында еңбек етіп жүр. Бақ қонып, береке-бірлігі жарасқан шаңырақта 27 немере, 40 шөбере өсіп жатыр екен.
Байқауды ұйымдастырушылар жеңімпаз отбасын «Жартас» шипажайында жаймашуақ демалуға мүмкіндік беретін жолдамамен марапаттады. Енді металлургтер әулеті Мейрамовтар «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының республикалық кезеңінде Қарағанды облысының намысын қорғайтын болады.
Қайрат ӘБІЛДИНОВ,
«Егемен Қазақстан»
ҚАРАҒАНДЫ

Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Бүгін, 22:47
Бурабайда шанаға отырып ағашқа соғылған қыз қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 22:12
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Бүгін, 21:56
Астанада аязға байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
Елорда • Бүгін, 21:33
Қазақстанның Ұлттық футбол құрамасының бапкерлер штабы анықталды
Футбол • Бүгін, 21:16
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Бүгін, 20:49
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Бүгін, 20:31
Қазақстан халық партиясы жаңа Конституция жобасына қатысты сараптамалық талқылау өткізді
Ата заң • Бүгін, 20:14
Bek Air ұшағы апаты: Алматы апелляциялық сотының шешімі өзгеріссіз қалды
Қоғам • Бүгін, 19:49
Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 19:37
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды
Оқиға • Бүгін, 18:55
Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25