Фото: tass.ru[/caption]
Ауғанстан Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіріп, оның 164-мүшесі атанды.
Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігі хабарлады. Ауғанстан ДСҰ штаб пәтеріне хаттаманы парламенттің ратификациялағаны туралы құжатты 30 маусымда тапсырған болатын.
Бұл елдің ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөздері 2004 жылы басталып, 2015 жылдың қарашасында аяқталды. Ал 17 желтоқсанда Найробиде өткен ДСҰ министрлік конференциясы кезінде ұйымға кіру туралы хаттамаға қол қойылды. Ел парламенті бұл құжатты 18 маусымда ратификациялады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының ақпарына сәйкес, әлемде неғұрлым аз дамыған 48 мемлекет бар. Ауғанстан осы елдердің ішінен Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болған 9-шы ел атанды. Қазіргі таңда тағы 19 мемлекет Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу туралы келіссөз жүргізіп жатыр.
Айта кетейік, Дүниежүзілік сауда ұйымы – халықаралық сауда ережелерін либерализм принциптеріне қарай реттейтін халықаралық экономикалық ұйым.
Аян ӘБДУӘЛИ

Франция құрамасы Сенегалды 3-1 есебімен тізе бүктірді
Спорт • Бүгін, 02:05
Қазақстан бидай импортына қайтадан шектеу енгізбек
Экономика • Кеше
Қазақстан мен Иран көлік дәліздерін дамыту туралы келісімге келді
Экономика • Кеше
Президент Алатау қаласын дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Президент • Кеше