Мәскеуде белгілі кеңес-орыс жазушысы және ақыны Фазиль Искандер ұзаққа созылған науқастан кейін 87 жасында қайтыс болды. Бұл туралы ТАСС-қа жазушы Сергей Шаргунов хабарлады.
«Классиктердің қатары азайып барады. Ол, сөз жоқ, әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығын алуға лайықты еді. Онда жеке тұлға мен туынды тереңдігі де, өткірлік пен сатира да – бәрі болды. Жасының ұлғайғаны мен қайратының кемігеніне қарамастан, оның бойынан күннің қуаты есіп тұратын», - деді Шаргунов.
Фази́ль Абду́лович Исканде́р (абхазша - Фазиль Абдул-иҧа Искандер) 1929 жылғы 6 наурызда бұрынғы Грузия КСР аумағындағы Сухум қаласында абхаз отбасында дүниеге келді. Ол осында орыс мектебін алтын медальмен бітірді. 1954 жылы М. Горький атындағы Әдебиет институтынан білім алып шықты. 1957 жылы «Тау соқпақтары» («Горные тропы») деп аталатын тұңғыш жыр жинағы жарық көрді. Ал 50-ші жылдардың аяғынан«Юность» журналында жариялана бастады.
Фазиль Искандер қалың оқырманға 1966 жыл «Новый мир» журналында жарияланған «Таутеке шоқжұлдызы» («Созвездие Козлотура») атты сатиралық повесі арқылы кеңінен танылды. 1989 жылы осы хикаят бойынша онымен аттас фильм түсірілді.
Искандердің шығармашылығында «Чегемнен шыққан Сандро» («Сандро из Чегема») деген жалпы атаумен жарияланған туындылар циклі ерекше орын алады. Жазушы әр жылдары және әртүрлі жанрларда «Ремзик», «Теңіз шаяны» («Морской скорпион»), «Балалық шақтың ағашы» («Дерево детства»), «Адамның тұрағы» («Стоянка человека»), «Кроликтер мен айдаһарлар» («Кролики и удавы»), «Софичка», «Ақын» («Поэт») және «Адам және оның айналасы» («Человек и его окрестности») деген белгілі шығармаларын жазды.
Искандер Ресейдің «Отан алдындағы қызметі үшін» орденінің II, III, IV дәрежелерімен, Абхазияның «Ар мен даңқ» жоғары орденімен наградталған. КСРО және Ресей мемлекеттік сыйлықтарының, «Триумф» сыйлығының лауреаты.
Мұрат АЙТҚОЖА

Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10
Оралда қысқы спорт түрлеріне арналған фестиваль өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:57
Шығыс Қазақстанда ас үй орындығына есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:50
Ұлытау облысында ескек есу мектебі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 11:48
Қостанай облысында он үш адам қар құрсауынан құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 11:36
ERG кеншілері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:20
Елімізде үндістандық «Десилмакс» дәрісін сатуға тыйым салынды
Фармацевтика • Бүгін, 11:20