Қазақстан электронды үкіметті дамыту жөнінен Азия мемлекеттерінің арасында 7-орынға шықты. Бұл туралы БҰҰ-ның электронды үкіметтердің даму деңгейі туралы есебінде айтылған. Біздің алдымызда әзірге Оңтүстік Корея, Сингапур, Жапония, Израиль, Бахрейн және Біріккен Араб Әмірліктері тұр.
Ал осы электронды үкіметті дамытуға қатысты жаһандық рейтингте Қазақстан ТМД елдерінің барлығын басып озып, 33-орынға іліккен. Бұл орайдағы көш тізгінін Ұлыбритания бастаса, одан кейінгі орындарда Австралия мен Оңтүстік Корея орныққан. Жаһандық рейтингте АҚШ 12-орында, Ресей 35- орында, Қытай 63-орында, Өзбекстан мен Қырғызстан 80 және 97-орындарға жайғасқан.
БҰҰ электронды үкіметтердің даму индексі (EGDI) – мемлекеттердің ақпараттық және коммуникациялық технологиялар арқылы азаматтарға мемлекеттік қызметтер көрсету әлеуетін және осы қызметтерді көрсетуге деген әзірлік деңгейін бағалайтын кешенді көрсеткіш. Осындай маңызды көрсеткіште Қазақстанның композиттік индексі биыл 0,7250 балл болса, жаһандық орташа EGDI балы 0,4922 деңгейіне жеткен. Бұл индекс адам капиталының дамуы, телекоммуникациялық инфрақұрылым және онлайн қызметтер сияқты 3 көрсеткіштен құралады. Рейтинг пен оған қатысты көрсеткіштерді әр екі жыл сайын БҰҰ сарапшылары есептеп, нәтижесін жариялап отырады.
«Егемен-ақпарат»

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше