03 Тамыз, 2016

ДҮБІР

312 рет
көрсетілді
16 мин
оқу үшін
дубир Олимпиаданың басталуына 2 күн қалды Рио-де-Жанейродағы XXXI жазғы Олимпиялық ойындары енді екі күннен кейін, яғни арғы күні шымылдығын түреді. Ол 5 тамыз күні салтанатты жағдайда ашылады. Салтанатты сәт Астана уақытымен, сенбі, 6 тамызға қараған түні сағат 03:00-де басталады. Бразилияның ендігі мен бойлығын 16 күн бойы дүбірге бөлеп, аспанға алау өретін төрт жылдық циклдың аламанына Қазақстаннан барлығы 104 спортшы қатысқалы тұр. Олар спорттың 26 түрі бойынша еліміздің намысын қорғайды. Мұның алдында ауыр атлеттеріміз 2 лицензиядан қағылды. Кейінірек жарыс алдында жарақат алып қалуларына байланысты теннисшілер Михаил Кукушкин мен Юлия Путинцеваның, велошабандоз Алексей Луценконың Ойындарға бара алмайтыны белгілі болды. Енді қалғандарының қадамдарына береке берсін деп отырмыз. Біз бүгін оқырмандарымызды атлеттеріміздің Рио жерінде қашан және қайда өнер көрсететіндері атап көрсетілген кестемен таныстырмақпыз. Сонымен... Рио: Қазақстан атлеттері қашан және қайда өнер көрсетеді? Академиялық ескек есу Спорттың бұл түрінен еліміздің атынан Владислав Яковлев пен Светлана Германович жарыс жолына шығады. Олардың екеуі де жалғыздар сапында сайысады. 6 тамыз. Іріктеу сыны. Басталуы: 17.30. 8 тамыз. Жартылай финал. Басталуы: 17.30. 9, 10, 11 тамыз. Финал. Басталуы: 17.30−17.50. Мылтық ату Мергендердің мылтық ату жарысына Юрий Юрков, Елизавета Король, Рашид Юнусметов және Владимир Исаченко қатысады. Стенд атудан Мария Дмитриенко сынға түседі. 6 тамыз. Мылтық атудан сөресі. Басталуы: 17.30. Үстел теннисі Бразилияда спорттың бұл түрінен республика атынан жалғыз спортшы – Кирилл Герасименко жарысқа қатысады. 6 тамыз. Жалғыздар сипатындағы жарыс. Басталуы: 18.00. 12 тамыз. Финал. Басталуы: 05.00. Велоспорт Рио-де-Жанейрода велошабандоздар жасағын Бақтияр Қожатаев, Артем Захаров және Андрей Зейц құрайды. Бұлардың соңғысы соңғы жаттығуда жарақат алып қалған Алексей Луценконы алмастырды. Тасжол. 6 тамыз. Топтық жарыс. Басталуы: 18.30. 10 тамыз. Бөлек-бөлек жеке жарыс. Басталуы: 18.30. Велотрек. 11–16 тамыз. Басталуы: 19.00 және 01.00. Дзюдо Ерлер құрамасы сапында Елдос Сметов (60 кг), Жансай Смағұлов (66 кг), Дидар Хамза (73 кг), Максим Раков (100 кг) сынды дзюдошылар бар. Ал қыздар құрамын Галбадрах Отгонцэцэг (48 кг) мен Мариан Ордабаева (63 кг) құрайды. 6 тамыз. (Ерлер: 60 кг, әйелдер: 48 кг. Іріктеу раунды және ширек финал). Басталуы: 19.00. Жұбаныш күресі, үшінші орын үшін талас және финал – басталуы: 00.30. 7 тамыз. (Ерлер: 66 кг. Іріктеу раун­ды және ширек финал). Басталуы: 19.00. Жұбаныш күресі, үшінші орын үшін талас және финал – басталуы: 00.30. 8 тамыз. (Ерлер: 73 кг. Іріктеу раунды және ширек финал). Басталуы: 19.00. Жұбаныш күресі, үшінші орын үшін талас және финал – басталуы: 00.30. 9 тамыз. (Әйелдер: 63 кг. Іріктеу раунды және ширек финал). Басталуы. 19.00. Жұбаныш күресі, үшінші орын үшін талас және финал – басталуы: 00.30. 11 тамыз (Ерлер: 100 кг. Іріктеу раунды және ширек финал). Басталуы: 19.00. Жұбаныш күресі, үшінші орын үшін талас және финал – басталуы: 00.30. Үлкен теннис Аламанның алдында құраманың Михаил Кукушкин және Юлия Путинцева сынды белді мүшелері жарақат алып қалды. Сондықтан Риоға екі теннисшіміз ғана жол тартты. Жеке сында Галина Воскобоева өнер көрсетеді. Ол сосын Ярослава Шведовамен бірге жұптасып кортқа шығады. 6 тамыз. Жекелей және жұптасып шайқасатындар сөресі. Басталуы: 19.45. Жүзу Бізден Дмитрий Баландин мен Виталий Худяков (ашық теңізде жүзу) спорттың осы түрі бойынша жарысады. 6 тамыз. Брасс (100 метр). Іріктеу. Басталуы: 22.30. 8 тамыз. Брасс (100 метр). Жартылай финал. Басталуы. 07.00. 9 тамыз. Брасс (100 метр). Финал. Басталуы: 07.00. 9 тамыз. Брасс (200 метр). Іріктеу. Басталуы: 22.00. 10 тамыз. Брасс (200 метр). Жартылай финал. Басталуы: 07.00. 11 тамыз. Брасс (200 метр). Финал. Басталуы: 07.00. 16 тамыз. Ашық теңіз. Ерлер. 10 шақырым. Басталуы: 18.00. Бокс Қазақстанның бокстан ерлер құрамасы Олимпиялық ойындарға бірінші рет өзінің толық құрамымен, 10 салмақ дәрежесі бойынша қатысқалы тұр. Рио шаршы алаңында медальдарды сарапқа салатын қазақстандық былғары қолғап шеберлері қатарында Біржан Жақыпов (49 кг), Олжас Сәттібаев (52 кг), Қайрат Ерәлиев (56 кг), Берік Әбдірахманов (60 кг), Абылайхан Жүсіпов (64 кг), Данияр Елеусінов (69 кг), Жәнібек Әлімханұлы (75 кг), Әділбек Ниязымбетов (81 кг), Василий Левит (90 кг) және Иван Дычко (+ 91 кг) бар. Бұдан басқа, біздің әйелдер боксы құрамасы Олимпиада бағдарламасына енген 3 салмақтың 2-іне лицензия жеңіп алды. Олар Жайна Шекербекова (51 кг) мен Дариға Шәкімоваға (75 кг) бұйырды. 6 тамыз. (Ерлер: 60, 81, 91 кг. Іріктеу раунды). Сағат: 20.00-22.30 және 02.00-04.00. 7 тамыз. (Ерлер: 60, 69, 81 кг. Іріктеу раунды). Сағат: 20.00-22.30 және 02.00-04.00. 8 тамыз. (Ерлер: 49, 69, 75, 91 кг. Іріктеу раунды). Сағат: 20.00-23.00 және 02.00-05.00. 9 тамыз. (Ерлер: 60, 75 және +91 кг. Іріктеу раунды). Сағат: 20.00-22.15 және 02.00-04.15. 10 тамыз. (Ерлер: 49, 56, 64, 81, 91 кг. Іріктеу раунды). Сағат: 20.00-23.00 және 02.00-05.00. 11 тамыз. (Ерлер: 56, 64, 69, 81 кг. Іріктеу раунды). Сағат: 20.00-23.00 және 02.00-05.00. 12 тамыз. (Ерлер: 49, 60, 75 кг. Іріктеу раунды және жартылай финал. Әйелдер: 51, 60 кг). Сағат: 20.00-23.45 және 02.00-04.45. 13 тамыз. (Ерлер: 52, 69, 91, +91 кг. Іріктеу раунды және жартылай финал). Сағат: 20.00-23.00 және 02.00-04.45. 14 тамыз. (Ерлер: 49 кг (финал), 56, 60, 64, 81 кг. Әйелдер: 75 кг. Іріктеу раунды және жартылай финал). Сағат: 20.00-23.45 және 02.00-05.15. 15 тамыз. (Ерлер: 52, 69, 75 кг; 91 кг (финал). Әйелдер: 60 кг). Сағат: 20.00-23.00 және 02.00-04.30. 16 тамыз. (Ерлер: 56, 60 (финал), 64, 81, +91 кг. Әйелдер: 51 кг). Сағат: 20.00-23.15 және 02.00-04.45. 17 тамыз. (Ерлер: 52, 69 кг (финал). Әйелдер: 60, 75 кг). Сағат: 23.00-02.00. 18 тамыз. (Ерлер: 56, 75, 81 кг (финал). Әйелдер: 51 кг). Сағат: 23.00-01.00. 19 тамыз. (Ерлер: 52, 64, + 91 кг. Әйелдер: 60 кг (финал), 75 кг). Сағат: 23.00-01.30. 20 тамыз. (Ерлер: 56, 75 кг (финал). Әйелдер: 51 кг (финал)). Сағат: 23.00-00.30. 21 тамыз. (Ерлер: 52, 64, + 91 кг (финал). Әйелдер: 75 кг (финал). Сағат: 23.00-01.00. Байдарка мен каноэ Жалғыз орындық каноэнің 200 және 1000 метрлік жарысына Тимур Хайдаров қосылады. Алексей Дергунов екі орындық байдарканың 1000 метрлік жарысына Евгений Алексеевпен бірге қатысады. Сондай-ақ, Сергей Токарницкий 200 метрге жалғыз да, Андрей Ергучевпен бірге де жарысады, ал 1000 метрге Илья Голендовпен, Андрей Ергучевпен және Александр Емельяновпен бірге шығады. Қыздар арасында Инна Клинова 200 метрге жалғыз, 500 метрге Ирина Подойникова, Зоя Ананченко және Наталья Сергеева квартетімен жарысады. Сондай-ақ, екі орындық байдаркада 200 метрлік қашықтықты Подойникова мен Сергеева бағындырады, 500 метрге Ананченко жалғыз шығады. Жарыстан 7-20 тамыз аралығында өтеді. Басталуы: 18.00. Ауыр атлетика Риоға біздің ауыр атлеттеріміз 8 адам болып аттанды. Әйелдер арасынан тұғырға мұнда Маргарита Елисеева (48 кг), Карина Горичева (63 кг) және Жазира Жаппарқұл (69 кг), ерлер арасынан Арли Чонтей (56 кг), Фархад Харки (62 кг), Нижатом Рагимов (77 кг), Денис Уланов (85 кг) және Александр Зайчиков (105 кг) көтеріледі. 7 тамыз. Ерлер: 56 кг. Жарыс. Баста­луы: 19.00. Әйелдер: 48 кг. Финал. Бас­талуы: 04.00. 8 тамыз. Ерлер: 62 кг. Жарыс. 56 кг. Финал. Басталуы: 04.00. 9 тамыз. Әйелдер: 63 кг. Жарыс. Басталуы: 19.00. Ерлер: 62 кг. Финал. Басталуы. 04.00. 10 тамыз. Ерлер: 77 кг, әйелдер: 69 кг. Жарыс. Басталуы: 19.00. Әйелдер: 63 кг. Финал. Басталуы: 04.00. 11 тамыз. Әйелдер: 69 кг. Финал. Басталуы: 00.30. Ерлер: 77 кг. Финал. Басталуы: 04.00. 12 тамыз. Ерлер: 85 кг. Жарыс. Басталуы: 19.00. 13 тамыз. Ерлер: 85 кг. Финал. Басталуы: 04.00. 16 тамыз. Ерлер: 105 кг. Жарыс. Басталуы: 00.30. Финал. Басталуы: 04.00. Садақ ату Спорттың бұл түрінен Қазақстан намысын екі спортшы қорғайды. Ерлер арасында Сұлтан Дүзелбаев, әйелдер арасынан Луиза Сайдиева медальдар таласына араласады. 8 тамыз. Ерлер мен әйелдердің жеке жарыстарының есептері. Басталуы: 18.00. Ескек есу слаломы Қазақстаннан қатысатын жалғыз өкіл – Ксения Кондратенко. 8 тамыз. Іріктеу. Басталуы: 21.30. 11 тамыз. Финал. Басталуы: 21.30. Семсерлесу Жарыстың бұл түрінен біз тек Илья Мокрецовты ғана жарыс жолына қоспақ­шымыз. Ол «семсер» түрі бойынша сайы­сады. 11 тамыз. Ерлердің жекелей бірін­шілігі (семсер). Финалдық кезең. Баста­луы: 03.00. Жеңіл атлетика Риодағы ең көп санды команданы жеңіл атлеттер құрайды. Оның құрамына Ольга Рыпакова, Ирина Эктова, Екатерина Эктова (үш қарғып секіру). Ольга Сафронова, Виктория Зябкина (100, 200 метр, эстафета 4×100 метр), Рима Кашафутдинова (100 метр, эстафета 4×100), Светлана Голендова, Анастасия Тулапина, Юлия Рахманова (эстафета 4×100), Анастасия Пилипенко, Айгерім Шыназбек (кедергілі 100 метр), Анастасия Кудинова, Элина Михина (400 метр), Александра Романова (кедергілі 400 метр), Маргарита Мұқа­шева (800 метр), Полина Репина, Флорида Миниянова, Диана Айдосова (спорттық жүріс), Гүлжанат Жанатбек, Ирина Смольникова (марафон), Мария Телушкина (диск лақтыру), Дмитрий Коблов (кедергілі 400 метр), Михаил Красилов (марафон), Георгий Шейко (спорттық жүріс, 20 шақырым), Роман Валиев (үш қарғып секіру), Иван Иванов (ядро лақтыру). Жеңіл атлеттер жарысты 12 тамызда бастап, Олимпиаданың соңғы финалдық күніне дейін жалғастырады. Ертеңгілік бағдарлама 18.30 сағатта, кешкі бағдарлама 04.00 сағатта басталады. Батутта секіру Гимнастиканың бұл түрі бойынша бір ғана спортшы – Пірмаммед Әлиев Риоға аттанды. 13 тамыз. Ерлер жарысы. Басталуы: 23.00. Грек-рим күресі Риода еліміздің грек-рим күресі шеберлері Алмат Кебісбаев (59 кг), Досжан Картықов (75 кг) және Нұрмахан Тынәлиев (130 кг) жүлделер сарабына қатысады. 14 тамыз. (Ерлер: 59, 75 кг. Іріктеу және елек). Басталуы: 19.00. Жұбаныш күресі, үшінші орын үшін талас және финал – басталуы: 01.00. 15 тамыз. (Ерлер: 130 кг). Басталуы: 19.00. Жұбаныш күресі, үшінші орын үшін талас және финал – басталуы: 01.00. Синхронды жүзу Спорттың бұл түрінен апалы-сіңлілі Александра және Екатерина Немичтерге үміт артып отырмыз. 14 тамыз. Дуэт. Еркін бағдарлама. Басталуы: 20.00. 15 тамыз. Дуэт. Міндетті бағдарлама. Басталуы: 20.00. 16 тамыз. Дуэт. Финал. Басталуы: 23.00. Таэквондо Бұл жолы таэквондо татамиіне қазақстандық 3 атлет шығады. Осылайша, Бразилия жерінде Жансель Дениз (67 кг), Айнұр Есбергенова (49 кг) және Руслан Жапаров (+80 кг) жүлделерді сарапқа салуға атсалысады. Бұлардың соңғысы – Руслан Олимпиаданың ашылу салтанатында Қазақстан делегациясын бастап, еліміздің туын көтеріп өтеді. 17 тамыз. Әйелдер: 49 кг. Басталуы: 18.00. 18 тамыз. Әйелдер: 49 кг.Финал. Басталуы. 05.00. 19 тамыз. Әйелдер: 67 кг. Басталуы. 18.00. 20 тамыз. Ерлер: +80 кг. Басталуы: 18.00. Әйелдер: 67 кг. Финал. Басталуы: 05.00. 21 тамыз. Ерлер: +80 кг. Финал. Басталуы: 05.00. Еркін күрес Мұнда боз кілемге Нұрислам Санаев (57 кг), Ғалымжан Өсербаев (74 кг), Аслан Кахидзе (86 кг), Мамед Ибрагимов (97 кг), Дәулет Шабанбай (125 кг) шығады. Ал әйелдер арасынан Жұлдыз Ешімова (48 кг), Екатерина Ларионова (63 кг), Эльмира Сыздықова (69 кг) және Гүзел Манюрова (75 кг) сынға түседі. 17 тамыз. (Әйелдер: 48, 58 69 кг. Іріктеу және елек). Басталуы: 19.00. Жұбаныш күресі, үшінші орын үшін талас және финал – басталуы: 01.00. 18 тамыз. (Әйелдер: 53, 63, 75 кг. Іріктеу және елек). Басталуы: 19.00. Жұба­ныш күресі, үшінші орын үшін талас және финал – басталуы: 01.00. 19 тамыз. (Ерлер: 57, 74 кг. Іріктеу және елек). Басталуы: 19.00. Жұбаныш күресі, үшінші орын үшін талас және финал – басталуы: 01.00. 20 тамыз. (Ерлер: 86, 125 кг. Іріктеу және елек). Басталуы: 19.00. Жұбаныш күресі, үшінші орын үшін талас және финал – басталуы: 01.00. 21 тамыз. (Ерлер: 65, 97 кг. Іріктеу және елек). Басталуы: 17.30. Жұбаныш күресі, үшінші орын үшін талас және финал – басталуы: 21.45. Қазіргі заманғы бессайыс Қазақстан құрамасын Павел Илья­шенко мен Елена Потапенко құрайды. 18 тамыз. Бірінші спорт түрі бойынша сөре. Басталуы: ерлер – 19.00, әйелдер – 23.30. Көркем гимнастика Риоға Әлия Юсупованың шәкірті Сабина Әшірбекова бара жатыр. 19 тамыз. Жекелей көп сайыс сөресі. Басталуы: 19.00. XXXI жазғы Олимпиялық ойын­дардың жабылу рәсімі тамыздың 21-нен 22-не қараған түні Астана уақыты бойын­ша 03.00 сағатта басталады. Ойындар кезінде оның барысынан KazSport, «Хабар» және «Қазақстан» телеарналары Қазақстан территория­сына хабар таратады. Бетті дайындаған Серік ПІРНАЗАР, «Егемен Қазақстан»