Елбасының «100 нақты қадамының» 57-қадамында, туристік кластерлер құруда үздік тәжірибесі бар стратегиялық (зәкірлік) инвесторлар тарту туралы айтылған.
Семей маңындағы «Святой ключ» саяхат соқпағы табиғат аясында белсенді демалыс пен экологиялық туризмді қалайтындар үшін таптырмас дүние. Мұнда тек қазақстандықтар ғана емес, шетелдіктер де келіп жатады. Табиғаты көрікті жерлерді қамтитын ұзындығы 10 шақырымға созылатын бағытты 6 сағатта жаяу жүріп өтуге болады. Жыл сайын экологиялық соқпақпен шамамен 500-ге жуық адам жүріп өтеді екен.
– Жыл өткен сайын қала тұрғындары ғана емес, алыс-жақын шетелден келушілер де қызығушылық танытуда, – дейді «Семей орманы» мемлекеттік табиғи орман резерватының инженері Марина Булатова. – Экологиялық соқпақ қалаға жақын орналасқан. «Контрольный кентінен басталып, «Святой ключ» елді мекенінде аяқталады. Жерлестерімізге ол 2010 жылдан бері таныс. Экологиялық туризм мемлекет тарапынан қорғалған табиғи резерват аумағында жүзеге асады. Табиғи соқпақ өлкетанушылардың әлі күнге дейін қызығушылығын туғызатын жерлерді қамтиды. Тарихи деректерге қарағанда, дәл осы ескі қамал ауданында жергілікті Сәтбек батырдың қолынан казак атаманы Ермак қаза тапқан.
Айта кету керек, 2015 жылы Семей орманының Морозов филиалының аумағындағы, жақын маңдағы мектептердің орман шаруашылықтарындағы балалар үшін арнайы экологиялық соқпақ жобасы жүзеге асырыла бастады. Олар соқпақты күту жұмыстарын өз беттерімен атқарды. Адам денсаулығы қоршаған ортаның тазалығына да байланысты. Сондықтан, танымдық экологиялық бағыттарды құрып, оны насихаттаудың ересектермен қатар, балаларды табиғатты аялап, туған өлкені сүюге тәрбиелеуде ықпалы зор.
Раушан НҰҒМАНБЕКОВА Шығыс Қазақстан облысы