12 Ақпан, 2011

Әріптестікті дамытуға ниеттестік

388 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республика­сы­ның Мемлекеттік хатшысы – Сырт­қы істер министрі Қанат Саудабаев Австрия Республика­сының Еуропалық және халық­аралық істер жөніндегі Феде­рал­дық министрі Михаэль Шпин­делег­гер­мен телефон ар­қы­лы сөйлес­ті, деп хабар­лады СІМ-нің баспасөз қызметі. М.Шпинделеггер ЕҚЫҰ-дағы Қазақстан төрағалығының басты нәтижелері – Ұйымның Саммитін Астанада өткізуі мен жоғары дең­гейдегі кездесу қорытындысы бо­йын­ша қабылданған Деклара­цияны ерекше атай отырып, Қа­зақ­станның жемісті төрағалы­ғына жоғары баға берді. Қазақстан-Австрия ынтымақ­тас­тығының өзекті мәселелері мен даму болашағын қарастыра оты­рып, тараптар өткен жылдың желтоқсан айында Астанада өт­кен Президент Н.Назарбаев пен Президент Х.Фишердің келіссөз­дері екі елдің арасындағы қаты­нас­тардың барлық кешеніне қуат­ты күш берді. Әңгімелесуші тараптар ынтымақтастық әлеуеті толықтай қолданылуы қажет екенін атай отырып, әріптестікті одан әрі дамыта беруге ниеттерін білдірді. Тараптар Австрияның Еуропалық және халықаралық істер жөніндегі Федералды министрі М.Шпинделеггердің Қазақ­станға ресми сапарын мамыр айын­да өткізуге келісті.